Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

59.Көрме ұйымдастыру. Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Күн шұғыласы» аппликациясы

Сабақтың мақсаты: 1. Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен

таныстыру.

2.Желіммен жұмыс істеуге үйрету.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: оқулық, қайшы , түрлі қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қағаз қапшық жасау» тақырыбы бойынша

оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, үй

жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Бұл аппликацияны орындау үшін бізге ақ, сары және көгілдір түсті қағаз керек. Алдымен көгілдір түсті қағазға аппликация бейнелеп аламыз. Қалып үлгіні пайдаланып сары түсті қағазға шеңбер мен жолақтарды сызып аламыз. Ақ түсті қағазға бұлтты бейнелеп, қайшымен қиямыз. Міне, аппликация жасауға қажетті материалдарымыз дайын болды.

IV. Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

V. Өзіндік жұмыс.

- - - - - - 1 сурет .

  • - - - - - -

  • - - - - - - 3 сурет

2- сурет

VI. Қорытынды. Күн шұғыласын бейнелегенде желімді не себепті негіз бетіндегі

сызықтарға жағады.

VII. Үйге тапсырма. Күн шұғыласын жасау 74-75 бет7

VIII. Бағалау. Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Кішкене кеме құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1. Техникалық құрастыру әдіс-тәсілімен таныстыру.

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі қағаздар, ермексаз

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру.

Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау.

а) Үлгі бойынша құрастыру.1) Сурет немесе сызбаны пайдаланып бөліктерден кеменің үлгісін құрастыру.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

ІҮ. Білімді бекіту. Кеменің үлгісін неден құрастырдың?

Ү.Үйге тапсырма: Үлгіге қарап кеме құрастырыңдар 81 бет.

ҮІ. Бағалау.