Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

54. Үй жануарларын күту.Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын күту.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға үй жануарларын күтуді үйрету. Баланың адамгершілік қабілетін дамыту.Үй жануарларын дұрыс күте білуге, малды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .- Оқушылардың сабақ. Ұйымдастыру .

ІІ. Үй тапсырмасн тексеру. Суғарудың түрлері. Суғарудың қандай түрлерін білесіңдер.

ІІІ. Мақсат қою Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:Үй жануарларын күту деп аталады. Үй жануарлары дегеніміз қандай жануарлар?1. Үй жануарларын қалай күтеміз?2. Үй жануарларын ата3. Үй жануарларының пайдасын атаңдар.4. Төрт түлік мал туралы не білесіңдер?5. Үй құстары жайлы ше?

ІV.Жаңа сабақ.1). Тауық, үйрек, қаз – үй құстары.Бұлардың еті мен жұмыртқасы тамақ үшін пайдаланамыз.2). Сиыр, қой, ешкі, жылқы туралы әңгімелеу.3) Қыста үй жануарларын қалай күтеміз4) Сенің үйіңде қандай құстар бар?5) қандай үй жануарлары бар?Сергіту сәті.Малдың төлдері. Өлеңін айту.

V Сабақты бекіту.Үй жануарлару туралы не түсіндік?

VІ.Қорытынды бөлім.а) мақалдар айту.ә) жұмбақ шешу.

VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалауАта – анаңа үй жануарларын күтуге көмектес.

55. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Тұқым себуге дайындық Үлескіні тұқым себуге дайындау.

Сабақтың мақсаты. Көктемгі ауыл шаруашылық жұмыстары туралы мағлұмат беру. 2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Еңбек етуге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Тұқым себуге дайындық жұмыстары туралы түсінік беру Тұқым себер алдында олардың жарамдылығын тексеріп алады. Ол үшін тұқымды суға салады. Жарамды тұқым ыдыс түбіне шөгеді. Ал жарамсызы су бетіне қалқып шығады.Себуге арналған тұқымның жарамдылығын суретке қарап –ақ үйреніп алуға болады.Тұқымның ең ірілерін таңдап алады.ә) Үлескіні түқым себуге дайындау.1. Топырақты тырмамен тегістеу жіне қопсыту. (96 бет)2. Ұялар әзірлеу.3. Жерге сызықтар жүргізу.4. Ұсақ тұқымдарын себу.

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Тұқымның жарамдылығын қалай тексеруге болады?Неліктен тұқымның бірі ыдыс түбіне шөгіп, екіншісі су бетіне қалқып шығады.Бақылау:Тұқымның көктеуін бақылау.Тұқымнан өсіп шыққан өскінге көңіл бөлу.

Ү. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?

56.Үлескіні тұқым себуге дайындау.Сабақтың тақырыбы: Үлескіні тұқым себуге дайындау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды үлескіне тұқым себуге дайындау жұмыстарымен таныстыру. 2. Үлескіде жұмыс жасау арқылы оқушылардың еңбекке де қызығушылықтарын дамыту. 3. оқушыларды ұқыптылыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдіс-тәсілдері: сарамандық жұмыс

Сабақ пайд.құр: тырма, тұқым, жер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңіТұқым себуге әзірлеу.1. тұқымның жарамдылығын қалай тексеруге болады?2. Неліктен тұқымның бірі ыдыс түбіне шөгіп, енді біреуі суға қалқыпшығатынын дәлелде.

ІІ. Жаңа материалман таныстыру. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Үлескіні тұқым себуге дайындау деп аталады.1. тұқымды қалай себеді?2. Тұқым себу үшін бізге нелер қажет болады?

ІІІ.. Жаңа сабақ.Үлескіні тұқым себуге дайындау: Топырақты тырмамен тегістеу және қопсыту.Ұялар әзірлеу.Жерге сызықтар жүргізу.Ұсақ тұқым себу.

ІV. Қорытынды бөлім.96 бет сурет бойынша жұмыс ретін айту.

V. Үйге тапсырма беру,бағалауҚайталау.

57. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Үлескідегі жұмыс түрлері.

Сабақтың мақсаты: Үлескідегі жұмыс түрлерімен таныстыру. 2. Еңбек етуге баулу.3. Сана- сезімін дамыту..

Жабдықтау:

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.1. Жер жыртылады. Топырақты тырмамен тегістейді. Екі таяқшаға жіп байлап.үлескінің екі шетіне қадап, атыз тартады.2. Атызға ірі тұқымды қолмен егеді.3. Топырақты қопсытады.4. Көшет отырғызады.5. Көшеттерді суғарып тұрады.6. Күз мезгілінде көкөністерді жинайды.7. Көкөністер менгүлдерді себезгімен суғарады.8. Егіс танаптарында орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш сияқты көкөністерді атыз арқылы суғарады.

І Ү. Жаңа білімді бекіту.

1. Үлескіде қандай жұмыстар істеледі?

2. Ірі тұқымды қалай егеді?

3. көкөністер мен гүлдерді қалай суғарады?

4. орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш өсімдіктерін қалай суғарады?

Ү . Сабақты қорытындылау: Біз нені білдік?

5 8.Суғарудың түрлері.Сабақтың тақырыбы: Суғарудың түрлері.

С абақтың мақсаты:Оқушыларға суғарудың түрлерін таныстыру.Бөлме өсімдіктерін суғару арқылы оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік жетілдіру.Суды үнемдеуге, дұрыс пайдалануға, ластамауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әд.т: Түс сұр- л.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс түрлерін ата.

ІІІ. Мақсат қою..Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Суғарудың түрлері деп аталады.Өсімдіктер дұрыс өсіп шығу үшін не қажет?Суғарудың қандай түрлерін білесіңдер?

ІV.Жаңа сабақ.Суғарудың түрлері: а) 99 бет сурет бойынша әңгіме құрау.ә) Көкөністер мен гүлдерді себезгімен суғару.б) Егіс танаптарында орамжапырақ, қызанақ, картоп тағы басқа арқылы суғаруға болады.

V. Дәптермен жұмыс. Дәптерге себезгі арқылы суғарылып жатқан гүлдің суретін салыңдар.

VІ. Қорытынды бөлім.Атыз арқылы суғару әңгіме айт.

VІІ. Үйге тапсырма,бағалау:99 бет оқу. әңгімелеу.