Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Костюмдерді модельдеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Костюм тігу тәсілімен таныстыру.

2. Оқушыларды шебер болып өсуге баулу.

3. Ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі маталар, қатырма қағаз.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта – жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Оқулықта берілген сурет бойынша өз бетімізбен костюм әзірлейміз. Қалай сәндеу керек екендігін ойланайық. «Шебер қолдар» атты көрмеге қуыршақ киімінің бірнеше түрін әзірлейік. Көрмеге ең таңдаулы жұмыстар қойылатынын ұмытпайық.

ІҮ. Өз бетімен жұмыс.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ү. Қорытынды. 1. Суреттен қандай киімді көріп тұрсың?

2.Оны қандай ауа райында киген дұрыс?

ҮІ. Үйге тапсырма. Шалбар үлгісін модельдеу 100 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Костюмдерді модельдеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Костюм тігу тәсілімен таныстыру.

2. Оқушыларды шебер болып өсуге баулу.

3. Ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі маталар, қатырма қағаз.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта – жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Біз сендермен бірге қуыршақты мейрамдық киіммен, күн салқындағанда киетін киіммен киіндірдік. Енді күнделікті киетін киімді модельдеп көрейік.

Біз барлық киімдерді қағаздан жасап үйрендік. Матамен тігуді үйренген соң, бұл киімдерді матадан тігетін боламыз.

ІҮ. Өз бетімен жұмыс.

Ү. Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

ҮІ. Қорытынды. Күнделікті киетін киімнің ұлттық киімнен, мектепке

киетін киімнен айырмашылығы неде?

ҮІ. Үйге тапсырма. Әр түрлі киімдерді модельдеу

ҮІІ. Бағалау.

5 1. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ сымнан құрамақ құрастару.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмсақ сымнан құрамақ құрастыру тәсілімен таныстыру 2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.Ж ұмсақ сымнан өрнек ию. Жұмсақ сымнан ою июАлма, алмұрт құрастыр.

ІҮ.Жаңа білімді бекіту.Үй жануарларын құрастыр.

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма,бағалау: Жылқы құрастыру.

5 2. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ сымнан жиһаздар құрастару.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмсақ сымнан жиһаздар құрастыру тәсілімен таныстыру 2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.140 беттегі суретте үстел мен орындықтың бірнеше түрі берілген Үстел беті мен орындықтың отырғышы түрлі –түсті қағаздан жасалған Қалған бөліктері- кәдімгі иілгіш сым.2. Иілгіш сымнан қалаған үстел немесе орындық жасау,

ІҮ. Жаңа білімді бекіту.Сымнан білезік, сақина, сырға құрастыру.

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: әр түрлі бұйымдар жасап үйрену..

53. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін күту.

Сабақтың мақсаты. Көктемгі ауыл шаруашылық жұмыстары туралы мағлұмат беру. 2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Еңбек етуге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Бөлме өсімдіктерін күту туралы түсінік беру. Гүлдер біздің бөлмелерімізге сән беріп тұрады. Олар әдемілік үшін ғана өсірілмейді, сондай-ақ ауаны оттегімен тазартады.Бөлме өсімдіктеріне үнемі күтім қажет.Оларды күтуге топырақ қоспаларын сұрыптау, суғару, қоректендіру, топырағын қопсыту, жапырағы мен сабағының шаңын сүрту, жұмыстары жатады.Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суғару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суғарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру қажет.Өсімдіктерді тұнған сумен суғарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін таяқшамен қопсытады. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек.ә) Жаңа білімді тексеру:Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?Оларды қалай күту керек?Өсімдік шаңын не үшін сүртеді?

ІҮ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?