Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы : Күлтебас жасау.

Сабақтың мақсаты:1. Жіптен күлтебас жасау жолын түсіңдіру.

2. Күлтебас жасау арқылы оқушылардың қол

икемділіктерін дамыту.

3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, қол өнерді

құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістемелік тәсілі:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың пайдаланатын құралдары: жіп, қайшы, қатты қағаз.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп,

зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Тілше жасау» тақырыбы бойынша

оқушылардың жасаған жұмыстарын

тексеріп, үй жұмысын қорытындылау

ІІІ. Жаңа материалдармен танысу. Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:

«Күлтебас жасау» деп аталады.

ІV. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

1.Күлтебасты қандай бұйымдарда пайдаланамыз?

2.Күлтебасты неден жасауға болады?

Суретке мұқият қарап, жұмыс жоспарын құрайық. Қалып үлгі көлемін анықтайық. Күлтебас көлемі қалып үлгіге байланысты

V. Практикалық бөлім. Күлтебас жасау тәсілі.

137 бет. 1- 4 сурет бойынша жасау.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, 1,2,3,4 деп санаймын,

Балапандар жүр шулап. Қызығына қараймын.

VІ. Қорытынды бөлім. Күлтебастан қандай ойыншық жасауға болады?

Күлтебасты қуыршаққа айналдыруға болады.

Оқушылардың жасаған күлтебастарын тақтаға

іліп қою.

VІІ. Үйге тапсырма. Күлтебасты бас киімге тігу 122-123 бет

ҮІІІ. Бағалау.

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ киімін модельдеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Қуыршақ жасау тәсілімен таныстыру.

2. Шебер болып өсуге баулу.

3. Ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі маталар.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта – жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Көктем, онымен бірге көктем мерекелері де жақындап келеді. Көктемдегі ең үлкен мейрам қалай аталады? Әрине, Наурыз. Дәстүр бойынша мерекеге жаңа киім дайындауымыз керек.

Біз бүгін «Ғалия» деп аталатын қуыршаққа мерекеде киетін киімдер дайындаймыз. Қуыршақтың суретін қатырма қағазға саламыз. Одан кейін қиямыз. Қуыршаққа қазақтың ұлттық киімін кигіземіз. Бас киімнен бастайық. Қазақ халқында бас киімнің түрі өте көп. Соның бірі – тақия. Тақия – кестелеп, сырып тігілген жеңіл бас киім. Ғалияға ұлттық киімдер тамаша жарасып тұр.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Өзіндік жұмыс

Ұлттық киімдерді жапсырмалау.

ҮІ. Қорытынды. Түрлі түсті қағазға қуыршақтың көйлегін, қамзолын

және тақиясын бейнелеп, қайшымен қи.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Қуыршақ модельін жасау.

ҮІІІ. Бағалау.