Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Е ңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының ою-өрнектері

Сабақтың мақсаты:1.Орыс халқының ою-өрнектерімен таныстыру.

Еңбек мәдениетін көтеруге баулу.

2. Эстетикалық тәрбие беру.

3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, түрлі түсті маталар

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою. Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.Әр халықтың өзіне тән бір ұлттық ерекшелігі болады екен. Мысалы, киім киюінде, ас әзірлеуінде, немесе сәндік бұйымдаржасауында. Мысалы мынадай ойыншықтарына қарап, олар қарапайым, бірақ өте сәнді екенін көріп тұрмыз. Мұндай ойыншықтарды,ермексаздан немесе саздан жасауға да болады. Олар филимоновтық ойыншықтар деп аталады.Оған салынған ою-өрнектеріне назар аударайық:

  1. Өзіміз осындай ойыншық жасап көрейік.

І Ү. Білімді бекіту. Филимоновтық ойыншықта не бейнеленген.?

Қалып үлгі (1 2 3 4) бойынша қағаздан аппликация

құрастыру.

Ү .Сабақты қорытындылау. Біз нені үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. Қуыршақтар жасау 136-137 бет

ҮІІ. Бағалау

4 7. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Тоқу сатылары. Тілше өру.

Сабақтың мақсаты: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға үйрету.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

І ІІ. Жаңа сабақ.а ) Түсіндіру.Үш тұтам иірілген жіптен бір өрім тілше өреміз.Алдымен ширатылған үш жіптің де басын біріктіріп. түйіп байлаймыз. Мұндай жағдайда жіптің жоғарғы ұшы тарқатылмайтын болады.Байланған ұштарын жастықшаға бекітеміз. Үш жіптен өру арқылы түрлы белгілер салуға, белдік байлау, білезік жасауға болады. Қыздар бұрымдарын үшөрім етіп өреді.Жұмыстың орындалу ретісуретте көрсетілгендей.1Жіптің түсін өздерің таңдаңдар.2Тілше мен жіптің ұзындығын анықтап алыңдар3 Алдымен ені мен ұзындығы бірдей жолақтар таңдап аламыз.4. Тоқу үшін жолақты міндетті түрде жолақтарды екіге бүктеу керек.

ІҮ. Білімді бекіту. -Неліктен жіпті түйіп қояды?-Оны қалай істейді?Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?

4 8. Еңбекке баулуСабақтың тақырыбы: Ыдыс қойғыш тоқу.

Сабақтың мақсаты: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға үйрету.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а ) Түсіндіру. Тоқудың ең қарапайым түрі-екі жолақты тоқу. Ыдыс тоқу үшін жасыл және қызыл түсті жолақтар аламыз.Оларды 133 беттегі үлгіге қарап тоқимыз. Ыдыс қойғыштың шетін дөңгелектейміз.

І Ү. Білімді бекіту. -Ыдыс қойғышты тоқуға жолақтың қай түрін таңдайсың? Екі жолақтан қорап тоқып үйрену. Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү . Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?