Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Фольгадан білезік пен сырға жасау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Эстетикалық тәрбие беру.

3. Өнерге деген құштарлықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, фольга, жұмсақ сым.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі.

Фольганы бірнеше бөліктерге кесеміз. Фольганы жіңішке түтікшеге орап, шырпымен фольга жиегіне желім жағамыз. Желімделгеннен кейін түтікшені алып тастаймыз. Осы реттілік бойынша бірнеше түтікше жасалады. Фольгадан жасалған түтікшелердің барлығын жіпке өткізіп, жіптің екі ұшын байлаймыз.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Өзіндік жұмыс

ІҮ. Қорытынды. Схема бойынша фольгадан сырға жасаңдар.

Ү. Үйге тапсырма. Әр түрлі суреттер жасау

ҮІ. Бағалау

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық бұйымдар

С абақтың мақсаты: 1. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру, қағазды

үнемдеп қолдану. Еңбек мәдениетін көтеруге

баулу.

2. Эстетикалық тәрбие беру.

3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, түрлі түсті маталар

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі.

Қазақтың қолөнер бұйымдары өте бай және әсемдігімен көз тартады. Түрлі түсті киізден оюлап жасалған сырмақ, алуан түрлі өрнекті тұскиіз, өрнек салып тоқылған кілемдер кез келген үйдің сәні.

Қазақтың ұлттық бұйымдарында «қошқармүйіз» ең негізгі ою өрнек ретінде бейнеленеді. Бұл оюды бұйымдарды әшекейлеу үшін пайдаланады.

І Ү. Білімді бекіту. Қошқар мүйіз қандай киімдерді әшекейлеу үшін

пайдаланылады?

Бұл ою неліктен «қошқар мүйіз» деп аталады?

Ү І. Сабақты қорытындылау. Біз нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Сырмақ жасау 132-133 бет

ҮІІІ. Бағалау