Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға зергерлік өнер туралы түсінік беру.

2. Эстетикалық тәрбие беру.

3. Өнерге деген құштарлықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, дәнектер, моншақтар, жұмсақ сым.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі.

Зергерлік өнер деп бағалы металдар мен асыл тастардан сәндік бұйымдар жасауды айтады.Зергерлер металдар мен асыл тастардан алқа, сәнді түйреуіш, сақина, сырға, тұмарша жасайды. Суретте тұмаршаның екі түрі берілген. Тұмарша сәттілік пен бақыт әкеледі деп есептелген. Ол жамандық пен қырсықтан,тіл көз тиюден сақтайды. Зергерлік бұымдарды әйелдер мен қыздар мейрамда киетін киімдерімен тағады. Зергерлік бұйымдар жеңіл материалдардан жасалады. Олардың сыртқы пішіні қарапайым болады.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Өзіндік жұмыс

ІҮ. Білімді бекіту.Дәнектерден, моншақтардан зергерлік бұйым жасау

Ү. Оқушылардың білімін тексеру.Сен әшекейлік әсемдік бұйымдар

тағасың ба?

Олар неден жасалған?

Ү І. Сабақты қорытындылау. Біз нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Зергерлік бұйым жасау 128 бет

ҮІІІ. Бағалау

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Отан қорғаушыларды құттықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Эстетикалық тәрбие беру.

3. Өнерге деген құштарлықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, суреттер

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі.

Елімізде Отан қорғаушылар күні 7 мамыр күні атап өтіледі. Ал 9 мамыр-Жеңіс күні. Бұл күні 1941-1945 жылдары соғыста қаза тапқандарды еске алып, ардагерлерді құттықтайды. Оларға гүл, ашық хаттарды сыйға тартады. Біз Отан қорғаушылар күніне орай ашық хат дайындаймыз. Ашық хат үстел үстінде нық тұруы үшін оны қос бетті етіп жасаймыз. Ол үшін бізге түрлі түсті қатырма қағаз, түсті қағаз, гүлдің қалып үлгісі, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш қажет.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

Өзіндік жұмыс

Ашық хат жасап үйрету

ІҮ. Қорытынды. 7 мамыр қандай күн?

Жеңіс күні қай күн?

Ү. Үйге тапсырма. Ашық хат жасау 102 бет

ҮІ. Бағалау