Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ашық хат жасау.

Сабақтың мақсаты: 1. Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс

істеуді үйрену.

2. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың

қас икемділіктерін дамыту.

3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс

барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Ашық хат жасау. Ашық хат жасау үшін әр түрлі қағаздар қолданамыз.

Альбом парағының немесе қатырма қағаздың дәл ортасынан қарындашпен сызық жүргіземіз. Сызық жүргізілген жерден қағазды бүктейміз. Ашық хаттың сыртын үлгі бойынша фотосурет, ою – өрнектермен безендіріп, ішіне құттықтау сөздерін жазамыз.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ІҮ. Өз бетімен жұмыс.

Ү. Қорытынды. «Идеялар қоры» негізінде құттықтау ашық хатын жаса

Ашық хатты өз қалауыңмен безендір?

ҮІ. Үйге тапсырма. Ашық хат жасау 96-97 бет.

ҮІІ. Бағалау

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнекті аяққап

Сабақтың тақырыбы: 1. Түсіндіру.

2. Әдіс-тәсілімен таныстыру.

3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Жабдықтау: оқулық, қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.

Ою – өрнекпен әшекейленген бұйымдар үй тұрмысында жиі қолданылған. Ою – өрнектермен, шашақпен әшекейленген аяққаптарға қарашы. Олар шағын, жеңіл және өте ыңғайлы. Әжелер үшбұрышты, төртбұрышты мата қиықтарынан құрақ көрпелер құрайды. Шаршы қиықтардан алуан түрлі өрнектер құрауға болады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

ІҮ. Жаңа білімді тексеру. Қолорамалды қандай матадан тіккен дұрыс?-

Қолорамалды кестелеп үйрену.

Ү. Сабақты қорытындылау. Біз нені үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. Құрамақ жасау 134-135 бет

ҮІІІ. Бағалау