Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Қоржын жасау.

Сабақтың мақсаты: 1. Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс

істеуді үйрену.

2. Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың

қас икемділіктерін дамыту.

3. Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс

барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Қоржын жасау. Қоржын жасау үшін әр түрлі қағаздар қолданамыз.

IV. Жаңа сабақ: Қоржын жасауға қалың қағазды пайдаланамыз. Бүктеу сызығын сызғышпен тегістейміз. Қағаздың қақ ортасын белгілейміз. Белгі бойынша екі қабаттап бүктейміз. Бүктелген қағаздың тұйық жағынан ойық жасаймыз. Екі жағын сыртқа қайырып, жиектерін желімдейміз. Қоржынды сәндейміз.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

V.Практикалық бөлім:1. Тікбұрышты белгілеу.

2. Ирек сызықты белгілеу.

3.Үшбұрышты белгілеу.

VI.Қорытынды бөлім.Қоржынды қалай сәндеу керектігін айтыңдаршы?

VII. Үйге тапсырма. Қоржын жасау 72 бет.

VIII.Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қағаз қапшық жасау

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.

2. Әдіс-тәсілімен таныстыру.

3. Танымдылық қабілетін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Қағаз қапшықтың жасалу реті: Бір парақ қағазды қақ ортасынан екі қабаттап бүктейміз. Тағы бір парақ қағаз аламыз. Оған бүктеу сызығын сызамыз. Сызық бойымен қағазды екі бөлікке бөлеміз. Сонда екі бірдей парақ шығады. Екі парақ қағазды қатпарлап бүктейміз. Қатпарланған екі қағазды қағаз қапшықтың бүйірі етіп, бүктелген бір парақтың ішкі жағынан желімдейміз. Бауын желімдейміз. Қағаз қапшық дайын болды.

Сергіту сәті.

Күн бұлттанды, Күн ашылды,

Жаңбыр жауды. Кемпірқосақ шықты

ІҮ. Қорытынды. Қапшықты қандай қағаздан жасаған дұрыс

Қапшықты кестелеп сәндеуге бола ма?

V. Үйге тапсырма. Қағаз қапшық жасау 73 бет.

VI. Бағалау