Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

55. Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу.2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3. Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - ң, е, ұ, ж қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант: аң, шаң, шаңғы, таң, тоң, ыс, қыс ,ау ұн ұқ.

ІҮ. Қайталау.1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 3. Кеспе әріптерден сөз құрату ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.4. Жұмбақ шешу: Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз) Атасы қисық ағаш, Анасы жайма төсек.

Баласы шырын шекер, Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім) 5.Жаңылтпаш жаттату. Шапшаң,шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң

Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу. Сергіту сәті.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?

56. Сабақтың тақырыбы: е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Ң дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ? -Сөздің қай жерінде жазылады? ә) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) – Емен,ер сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Е дауысты дыбыс екенін аңғарту. б) -Әріп таңбасымен таныстыру.3 рет дыбыстау Баспа түрі-Ее Хормен оқыту.Жазба түрі-Ее Тақтамен жұмыс: 1. Емен,еден, ел, ер, жел, жер, бел, бес,немере, немере.2. Сөйлем құрату. «Емен» мәтіні неше сөйлемнен құрылғанын аңғарту.

Ү. Білімді бекіту.1. Е-мен, е-ден сөздеріндегі –мен,- ден буындарының тұйық буын екенін аңғарту.

2.Е-дыбысынан басталатын киім атауын ата 3.-Қарамында үш е дыбысы бар қай сөз? -Терезе,текемет,кереге. Көшіріп жазуға үйрену. Есен, Ерлан, Естай. Емен -мықты ағаш

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық? -Е қандай дыбыс?

57. Сабақтың тақырыбы: е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:а) Өтілген Е дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтауә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін есте сақтауын дамыту. б) оқушыларға дұрыс таза жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: кеспе суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Е дыбысы қандай дыбыс? Ол сөздің қай бөлігінде кездеседі?

ІІІ.Жан-жақты білімін пысықтау. Өтілген әріптерді пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақОқулықпен жұмысмен бес шешен ерте Ержан сен бесеу шебер ертең Ерлан суретке қарап әңгіме құрау. - суретке қараңдаршы. Балалар не істеп жатыр? -сурет салып жатыр? Ненің суретін салып жатыр? –табиғаттың -Оқушы не істеп отыр?- Оқушы хат жазып отыр. Ойнады сөзін жіктейік

Мен ойнадым Мен оқыдым

Сен ойнадың Сен оқыдың

Ол ойнады Ол оқыды.

Ү.Жаңа сабақты бекітуНе ? Неше? Нешеу? Бұл не? Неше алма алма нешеу?

Бұл алма Алты алма Алма алтау

ҮІ. Сабақты қорытындылауӨтілген Е дыбысы мен әрпі бойынша білімдерін пысықтау

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау