Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Мата туралы түсінік беру. Матадан бұйым тігу.

Сабақтың мақсаты: 1. Мата туралы түсінік беру, матаны неге пайдаланамыз?

2. Еңбек етуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3. Танымдылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қайшы , ине, жастықша.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

1. Мата түрлеріне тоқталу.

2. Матаны өндіру ерекшелігі

3. Матаны бір-бірінен ажырату.

4. Матаның өң беті мен теріс бетінің ерекшелігі

Матадан бұйымдар тігу.Құралдарды пайдаланып матадан бұйымар тігеді. Ол «іс тігу « деп аталады.Матаны арнайы құралдар- қайшы мен иненің көмегі арқылы өңдейді.Ал бұл құралдарды пайдаланудың өзіне тән ережелері бар. Соны біліп алу керек.

Құралдарды пайдалану ережелері:

1.Қайшы мен инені доғал жағымен ұсыну керек.

2.Ине мен түйреуішті ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды.

3. Іс тігіп болған соң ине мен түйреуішті түгендеп шығу керек.

4. Ине мен түйреуішті арнайы жастықшаға түйреп қою керек.

І Ү. Жаңа білімді тексеру. Матаның қандай түрлерін білесің?

- Оларды неден өндіреді?

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Ү.Сабақты қорытындылау.

Матаның қандай беттері бар?

Матаның қағаздан қандай айырмашылығы бар?

ҮІ. Үйге тапсырма. Қауіпсіздік ережелерін жаттау

ҮІІ. Бағалау

Е ңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Инені сабақтау, көктеп тігу.

С абақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. Қауіпсіздік

ережелерін сақтау.

3. Танымдылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Ж абдықтау: Қайшы , ине, жастықша.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

1. Инені сабақтау.

Жіптің жуандығы мен тігетін матаның қалыңдығы сәйкес болуы керек.

Жіп жуан болса, иненің көзі де үлкен болу керек. жіптің ұзынығын мөлшерлеп алу ды үйренеміз. Жіпті иненің көзінен өткізіп,, ұшын қайшымен қиямыз.2. Көктеп тігу.Көктеп тіккенде тігіс біркелкі түсуі керек. Тігіс арақашықтығы да біркелкі болуы керек.3.Жіпті қолмен тартып, тістеп үзуге болмайды.4. Оймақты сұқ саусаққа немесе ортаңғы саусаққа киеді.5. Көктеп тігіп үйрену. 3. Жіптің ұшын түю:Кез-келген тігіс соңында жіптің ұшы түйіледі. Түйін мата астарында қалуы тиіс. Астарда жіп салбырап тұрмауы керек. Тігістің әдемі түсуі ептілікке байланысты.

І Ү. Жаңа білімді тексеру.-Инені қалай сабақтайды?-Көктеп тігуде нені білуіміз керек? - Оймақты не үшін киеді?-Жіпті қалай қияды?

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?