Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мозаика құрастыру» тақырыбы

бойынша жасаған жұмыстарын тексеріп,

үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Бұл құрамақтардың түп негізі ермексаздан жасалған. Мозаиканы құрастыру барысында материалдың түсі мен көлеміне назар аударуымыз керек.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап, 1-2-3-4 деп санаймын.

Ү. Білімді бекіту.-Берілген фигуралар қандай пішіндерден құралған?-Біркелкі пішіндерді қалай қиып алуға болады?-Жираф мозаикасының құралу ерекшелігі неде?

ҮІ.Үйге тапсырма: Өз бетіңмен жолбарыс мозаикасын құрастыр 80 бет.

Vіi. Бағалау. Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Оригами

Сабақтың тақырыбы:1.Оригами әдісімен саңырауқұлақ жасауды

үйрену

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Жабдықтау: оқулық, түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Оригами-жапон сөзі. Ол «бүктелген қағаз.» дегенді білдіреді.

Оригами тәсілімен әп-әдемі ойыншықтар, гүл және алуан түрлі заттар жасауға болады.Қағазды екіге бүктеп қайта жазыңдар. «Жарма есік» секілді етіп қағаздың екі шетін бүктеңдер.3. Орта тұсынан белгілеп, Бүктемені аударыңдар.4. Екі шетін ортасына қайырып бүктеңдер.

5. Бүктеудің жоғарғы жағын басып тұрып,төменгі бүктеудің екі ұшын алып, оның бүктеуі жазыңдар. 6. Енді айналдырып аударыңдар.



Сергіту сәті.

Күн бұлттанды, Күн ашылды,

Жаңбыр жауды. Кемпірқосақ шықты

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Оригами сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Оригамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?-

Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың?

Ү .Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. 88-89 бет.

ҮІІ. Бағалау.