Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақ

Сабақтың тақырыбы: 1.Оригами әдісімен саңырауқұлақ жасауды

үйрену

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта-жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Оригами тәсілімен әп-әдемі ойыншықтар, гүл және алуан түрлі заттар жасауға болады.Қағазды екіге бүктеп қайта жазамыз. «Жарма есік» секілді етіп қағаздың екі шетін бүктеңдер.3. Орта тұсынан белгілеп, бүктемені аударыңдар.4. Екі шетін ортасына қайырып бүктеңдер.

5. Бүктеудің жоғарғы жағын басып тұрып,төменгі бүктеудің екі ұшын алып, оның бүктеуін жазыңдар. 6. Енді айналдырып аударыңдар.


Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Оригами сөзі қандай мағынаны білдіреді? -Оригамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?-Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың?

Ү .Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. «Саңырауқұлақ» жасау. 90-91 бет.

ҮІІ. Бағалау.

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Мысық жасау

Сабақтың мақсаты: 1.Оригами әдісімен мысық жасауды үйрену

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.

Бір мысықты мүсіндеп, аппликациялап бейнеледік. Ал оригами тәсілімен жасалған мысық қандай болып шығар екен?

Мысықтың анық бейнесі шығу үшін оның көзі мен мұрнын әдемілеп жасауымыз керек.

І Ү. Жаңа білімді бекіту.-Оригами қандай мағынаны білдіреді?

-Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың? -Оргамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

Ү . Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. «Түлкі» пішінін жасау 94-95 бет

ҮІІІ. Бағалау.