Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

VII. Бағалау. Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы : Аққала жасау.

Сабақтың мақсаты: 1. Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілімен

таныстыру.

2. Ұқыптылыққа баулу.

3. Шеберлік өнерлерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: оқулық, түрлі-түсті қағаз ,желім, қайшы.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Сомдау бастамас бұрын дөңгелектің пішіні мен көлемін анықтап алу. Алдымен ермексазды жұмсартамыз. Дөңгелектің пішінін саусақтың ұшымен сомдаймыз.Оны бояуға да болады.

Артық ермексазды кескішпен кесіп немесе қырып аламыз.Кескішпен таяғын орнататын шұңқыр шұңғылдаймыз. Қоңыр түспен қолына ұстайтын таяғын жасаймыз.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:- Аққаланың түсі қандай?

-Кескіш құралға жата ма?Үлгісі.

Сергіту сәті.

Күн бұлттанды, жаңбыр жауды.

Күн ашылды, кемпірқосақ шықты.

Өзіндік жұмыс.

Оқушыларға көгілдір түсті құрамақтардан аққала жасап үйрету.

Ү. Сабақты қорытындылау. Біз сендермен не жасауды үйрендік?

VI. Үйге тапсырма. Шырша мен аққала жасау 84 бет.

VII. Бағалау.

21.Дөңгелек пішіндерден құрамақ құрастыру.Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек пішіндерден құрамақ құрастыру.

Сабақ мақсаты: 1. Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену.

2. Оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.3. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдістемелік тәсілі: Түс суретін көрнекілеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушылармен сәлемдесу.- Класта қажетті оқу – құралдарды даярлау

ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру:Кішкене кеме тапсыру

ІІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек пішіндерден , қандай құрамақ құрастыруға болады?» Соны үйренеміз.

IV. Жаңа сабақ:1.2 суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған ? Оларды ата.1. сурет-балапан2. сурет-қуыршақ

V. Практикалық жұмыс:1. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.1. Апликацияны безендір

VI .Қорытындылау:1кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады?2Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?

ҮІІ.Үйге тапсырма беру,бағалау:Кез келген ойыншық аппликациясын құра.

22. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қағаздан моншақ құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1 Құрастырудың әдіс тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Үлгіні пайдаланып қағаздан біркелкі дөңгелектер қиып аламыз. Дөңгелектердің іш жағына қылқаламмен желім жағамыз.Мөлшерлеп алған жіптің екі жағынан екі дөңгелекті беттестіріп желімдейміз. Жіпті дөңгелектердің ортасымен өткізу керек. Дөңгелектерді бір түсті немесе әр түсті қағаздан жасауға болады. Есте сақтаңдар!Кішкентай пішіндерге желімді ұшталған шырпымен жағу ыңғайлы.Жұмыс аяғында қолды сабынмен жуу керек.Шам құрастыру.Үлгісіне қарап отырып құрастыру.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Дөңгелектердің өлшемін әр түрлі етіп алуға бола ма?-Моншақты жасау үшін қандай қағаздар керек?

Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.

23. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шырша құрастыру. Шам жасау.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан шырша .шам жасау тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: картон. түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Шырша жасалу реті:1Қағаздан шырша бөліктерін қию (1,2,3,4,5)Қиылып алынған бөліктерден шыршаны екі түрлі әдіспен жасауға болады. Бөліктерді қағазға желімдейміз.2.Шам жасау.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Шыршаны қандай қағаздан жасайсың?-Оның түсі қандай болады?-Шыршаны қай мерекеде безендіреді?-Мұндай шамды неден жасауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.

24. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Қағазды бүктеу тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқып-тылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Жабдықтау: картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Қағазды бүктеу тәсілдері:1Қағазды сыртқа қарай бүктеу.2Беттестіріп бүктеп жиектерін түзету.3Бүктелген жерін бас бармақпен түзету.4Бүктелген жеріне тегістеуішпен қыр шығару.ә) Қағазды қатпарлап бүктеу:1Парақтың ортасын белгілеу.2Екі қабаттап бүктеу.3Үш қабаттап бүктеу.4Төрт қабаттап бүктеу.Бүктелген жерді тегістеп сыртқа қарай бүктеңдер.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:- Бүктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?- Не үшін әр түрлі етіп бүктейміз?

Ү.Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.