Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Еңбекке баулу

С абақтың тақырыбы: Тоқу сатылары. Тілше өру.

Сабақтың мақсаты: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға

үйрету.

2. Шебер болып өсуге баулу.

3. Ой-өрістерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: оқулық, түсті маталар

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы. Өтілген тақырып бойынша жасаған жұмыстарын

тексеріп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою.Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіру.

Үш тұтам иірілген жіптен бір өрім тілше өреміз.Алдымен ширатылған үш жіптің де басын біріктіріп түйіп байлаймыз. Мұндай жағдайда жіптің жоғарғы ұшы тарқатылмайтын болады.Байланған ұштарын жастықшаға бекітеміз. Үш жіптен өру арқылы түрлы белгілер салуға, белдік байлау, білезік жасауға болады. Қыздар бұрымдарын үш өрім етіп өреді.Жұмыстың орындалу реті суретте көрсетілгендей. Жіптің түсін өздерің таңдаңдар.Тілше мен жіптің ұзындығын анықтап алыңдар.А лдымен ені мен ұзындығы бірдей жолақтар таңдап аламыз. Тоқу үшін жолақты міндетті түрде жолақтарды екіге бүктеу керек.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Ө зіндік жұмыс.

Оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды.

Ү Білімді бекіту. -Неліктен жіпті түйіп қояды?

-Оны қалай істейді?

-Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү .Сабақты қорытындылау. Біз нені үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. Схема бойынша тілше жасау 121 бет

ҮІ. Бағалау

Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Жүк машинасын құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1. Жүк машинасы туралы мағлұмат беру. Жүк

машинасын құрастырудың әдіс тәсілімен

таныстыру.

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Өнерге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: оқулық, картон, түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Жүк машинасы туралы түсінік беру.ә) Жүк машинасы қандай бөліктерден тұрады? б) Қағазды қию және құрастыру тәсілдері: Қалып үлгіні пайдаланып қарындашпен белгілеп аламыз.Шаршы-4 (екеуі көк, екеуі қызыл)Үшбұрыш -1Төртбұрыш-3 (қысқа-, ұзын -1)

Дөңгелек-2 Сызықтың оң жағынан бастап қиямыз.Қағазды сол қолмен ұстап айналдырып отырамыз.Қиғанда қайшыны емес, қағазды сол қолмен айналдыру керек?Қағаздарды түсіне қарай жинап қоямыз.Картон қағаз бетіне құрастырып, желімдейміз.Жүк машинасын дайын.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, Кіп-кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп-биік болып өседі.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту: -Машинаның қандай түрлерін білесің? -Жүк

машинасын не үшін пайдаланады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жұмысын салыстыра

отырып, еңбегіне баға беру.

VI. Үйге тапсырма. Әр түрлі пішіндерден құрастыру 76 бет.