Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

14. Сабақтың тақырыбы : «Көлдегі аққу» композициясы. Мысық.

Сабақтың мақсаты: 1 Мүсін туралы түсінік беру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.Суретті тақтаға ілуә) Оқушылардың «Көлдегі аққуды» ермексазбен мүсіндеуі.

Көлдегі аралды ермексазбен жасап, шөп орнына қарағай немесе шырша қылқанын пайдалануға болады.б) Мысықты мүсіндеу.Оның жатқан қалпын бейнелейік:1Алдымен денесін,басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап аламыз.2Бөліктерді жапсырып біріктіреміз.3Мысық денесіне басын, құйрығын,аяғын, құлағын жапсырамыз.4Біріккен жерлерін тегістейміз.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-«Қөлдегі аққу» компазициясын құрастыруға қандай материалдар қажет?-Аққудың мойнын қалай орнықты етіп бекітуге болады?-Мысықтың көзін неден жасауға болады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?

15. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы : Өзіндік жұмыс: бұзау мен қошақан.

Сабақтың мақсаты:1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.3) Оған сүт араластырыңдар.4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.5) Ойыншыққа лак жағыңдар.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?-Қашақанның ше?-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?

Ү.Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

16. «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерін мүсіндеу.Сабақ тақырыптары: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерін мүсіндеу.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. 2. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. 3. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасы: Зымыранды құрастыруды аяқтау. 1. Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айту.2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не біліп келдіңдер?

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін мүсіндеу деп аталады.

IV. Жаңа сабақ:Мұғалім бауырсақ ертегісін оқушыларға оқып береді.

- Оқушылар түсінгендерін, мазмұнын айтады.

V. Практикалық бөлім:Ермексаздан Бауырсақты мүсіндеу 1. мүсіндеу жолдарын көрсету.2. 50 беттегі сызба бойынша жұмыс.3. Бауырсақты өз бетіңмен безендір.

VI. Қорытынды бөлім:- Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау: «Бауырсақ » ертегісінің басқа да кейіпкерлерін мүсіндеп келу.