Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

5.Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды табиғи материалдың түрлерімен таныстыру. 2. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.

Сабақ типі: Аралас.

Сабақ әдіс түрі:

Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс. 1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?

2. Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру: Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар түрі. Табиғи материалдарға нелер жатады? Табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасалынады?

IV. Жаңа сабақ.

Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейде олардың пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?

V. Практикалық бөлім

Жапырақтан қоянның бейнесін жапсыру

1. Басы.

2. Құлақтары. (2).

3. Денесі.

  1. Қолы. (2).

  2. Аяқтары. (2).

VI. Қорытынды бөлім:Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.

VII. Үйге тапсырма беру.Табиғи материалды жина.

VIII. Бағалау.

6-1.С абақтың тақырыбы: Кепкен жапырақтан аппликация жасау. Жұмыстың орындалу реті.

Сабақтың мақсаты: 1. Жапырақтан құрамақ жасау. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік бер

2. Қауіпсіздік ережесін сақта

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.Жапырақтан аппликация жасау. Жұмыстың орындалу реті.

ІІІ. Жаңа сабақ: Жапырақтан аппликация жасау. Жұмыстың орындалу реті.1.Кептірілген жапырақтардан әдемі аппликация құрауға болады. Аппликация – қағаз бен матаның бетіне қағаз, мата қиықтарын, табиғи материалдарды бекіту. 2. Жұмыстың орындалу реті жайлы түсінік беру. 3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.

1.Жапыраққа желім жағып шық.

2.Желімдейтін орындарын белгіле.

3Желім жағылған жапырақты белгіленген орвнға жапсыр.

4.Аппликация бетіне қағаз жауып жан-жағын шүберекпен сүрт.

Өздік жұмыс.Жапырақтардан аққұтан аппликациясын жаса.

ІҮ. Білімді бекіту: Көжектің аппликациясын құрауға қандай материалдарды пайдаландың?Аппликация деген не? Көжектің бейнесі неше жапырақтан тұрады? Қандай ағаш жапырақтарын пайдаландың?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?

6-2. Сабақтың тақырыбы : Қонжық пішінін қоғадан құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1 Табиғи материалмен жұмыс істеудің әдіс- тәсілімен таныстыру.

2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Қоға туралы түсінік беру. Қоға табиғи материалдардың –бірі. Ол батпақты жерде өседі. Қоғаның жапырағынан себет тоқылады.Ал үлпілдегін құрамақ құрауға пайдаланады.

Толық пісіп жетілмеген қоға үлпілдегі қатты болады. Ал пісіп жетілгендері жұмсақ, кесуге қолайлы келеді. Үлпілдектер де табиғи материалға жатады. Олардың түсі ашық қоңыр немесе қара қоңыр болады.ә) Қонжық пішінін құрастыру.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?

7. Сабақтың тақырыбы: Ағаштың айналасын сақина мозаикамен

сәндеу.Мозаикалық жол.

Сабақтың мақсаты: 1. Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол жайлы түсінік беру 2. Қауіпсіздік ережесін сақтау 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Ағаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол.

ІІІ. Жаңа сабақ:А ғаштың айналасын сақина мозаикамен сәндеу.Мозаикалық жол.

1. Тастан құралған мозаикалар үй құрылыстары мен жолдарды безендіруге пайдаланылады.

Мозаика дегеніміз әр түрлі ұсақ тастардан, қағаз қиындыларынан, шыны сынықтарынан құралатын өрнек немесе сурет.Мұндай сақина мозаика баққа сән беріп тұрады. әрі арам шөпті өсіртпейді. 2. Мозаикалық жол жайлы түсінік беру.3. Қауіпсіздік ережесін сақтай білуге баулу.

ІҮ. Білімді бекіту: Тастардан құралған мозаикалар не үшін қажет? Мозаика дегеніміз не?

Оны не үшін жасаймыз? Мозаикалық жолмен қай жерлерді сәндейміз?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?