Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша

логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік

қорын қалыптастыру.

б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан «Адамдардың жазғы еңбегі»

тақырыбының мазмұнын сұрап, сұрақтар қою

арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Сұрақтар қою.

1.Үй жануарларын ата?

2.Үй құстарын ата?

3.Бақаны «қосмекенді» деп атаудың мәнін түсіндір

4.Қандай жануарлар жорғалаушыларға жатады?

5.Аулаңнан қандай бунақденелілерді көрдің?

6.Қысқа қор жинайтын аңдарды ата?

7.Түлеу деген не?

8.Ұйқыға жататын аңдар нені қорек етеді?

9. «Мектеп» дегеніміз не?

10. «Ұжым» деген не?

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Үйге тапсырма. Өтілген тақырыптарды қайталау

ҮІ. Бағалау.

Еңбекке баулу 1 сынып

Сабақ тақырыбы: Кіріспе.

Сабақ мақсаты:1Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.2Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту.3Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.

Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау. - Қажетті құрал – жабдықтарын даярлау.- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:Қосымша сұақтар қою.

ІІІ. Негізгі бөлім:Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.

Қымбатты балалар!

Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. - Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.- Еңбекке баулу сабағы:

ІV.Қорытынды бөлім:.Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.

V. Үйге тапсырма,бағалау: «Еңбектің наны тәтті»Жалқаудың жаны тәтті мақалын талдау.