Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:.Жаз.

Сабақтың мақсаты: 1. Жаз мезгілі туралы түсінік беру

2. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

3. Жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын

өзгерістерді тани білу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыптың оқушылардан мазмұнын

сұрау

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Жаз көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету.

ә) Жаз туралы оқып беру.

б) Дауыстап оқыту.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Ү. Жаңа білімін тексеру. Суреттегі өсімдіктерді қандай жерлерде

кездестіруге болады?

Жазда өсімдіктер тіршілігінде қандай

өзгерістер болады?

Жаз айы қай айдан басталады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.Өсімдіктердің жайқалып өсуіне қай мезгіл

қолайлы?

ҮІІІ.Үйге тапсырма. Әңгімелеу 61-62 бет

ІХ. Бағалау.

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:.Адамдардың жазғы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Жазғы еңбек туралы түсінік беру

2. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

3. Жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын

өзгерістерді тани білу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Жаз тақырыбының оқушылардан мазмұнын

сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Ауылдық жерлерде адамдар жазда малды жайылымға шығарып бағады. Шөп шауып, малдың қысқы азығын дайындайды. Жер суарады. Бау –бақша мен егістерді күтеді. Қалада да шаруа қыза түседі. Қала ішіндегі ашық шағын баққа гүлдер отырғызылып, адамдардың демалып отыратын орындықтары сырланып жаңартылады. Ескі салынған үйлер жаңартылып, жаңа құрылыстар бой көтереді.

Ү. Жұмбақтар шешу

ҮІ. Сергіту сәті

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

ҮІІ. Қорытынды. 1.Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата

2.Ауыл шаруашылық машиналарының аттарын ата?

3.Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп, жеміс салады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 63-64 бет

ІХ. Бағалау.