Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Астана. Алматы

Сабақтың мақсаты: 1. Астана, Алматы туралы оқушыларға мағлұмат беру.

2. Ірі қалаларды біліп, табиғатын қорғауға баулу

3. Танымдылық қабілетін дамыту дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер , карта

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кәне, кім

айтады?

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. «Отан.» туралы әңгімелеу.«Отан» деп нені, кімді

айтамыз?

ІҮ.Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу

Астана қаласы ең алғаш Ақмола, кейіннен тың игеруге байланысты Целиноград болып аталды. Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қалада зәулім де сәулетті үйлер бой көтерді. Әсем ғимараттар көз тартады. Көшелері кең. Көшені бойлай тізілген ағаштар қалаға сән беріп тұр. Еліміздің Астанасы жылдан –жылға көркейе түсуде.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.Астана, Ақмола, Целиноград сөздерін дәптерге жазу.

Ең алғаш Астана қаласы не деп аталды?

Целиноград деп аталу себебін түсіндіріңдер?

Астана қай өзеннің бойына орналасқан?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Алматыны неге жастар қаласы дейді?

Өз қалаңдағы даңғылдардың атын ата.

Алматы қай таудың етегінде орналасқан?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Астана, Алматы» мазмұнын айту 141-145 бет

ІХ. Бағалау

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Қазақ даласынан шыққан ұлы тұлғалар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырып туралы мағлұмат беру.

2. Ұлы тұлғаларды қадірлеуге баулу

3. Танымдылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер , нақыл сөздер

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыптың оқушылардан мазмұнын сұрап,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Әбу Насыр әл – Фараби – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым. Туған жері Отырар қаласы. Отырар қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі. Бұрын Отырар Фараб деп аталған. Сонда әл –Фараби Фарабтан шыққан деген сөз. Әл – Фараби 70-ке тарта тіл білген. Әл – Фараби ән, күй шығарып, музыка аспаптарында да ойнаған.

Абылай хан –қазақтың ұлы ханы. Шын аты – Әбілмансұр. Ол жауға қарсы соғысқанда атасының атын атап, «Абылайлап» шапқан екен. Содан былай оны Абылай деп атап кеткен. Абылай қазақ халқының басын біріктіріп, қуатты мемлекетке айналдырған. Оның бүкіл өмірі ел қорғаумен өткен.

Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны. Бала күнінен білімге өте зерек болған. Өлеңді 10 жасынан шығара бастаған. Абайдың қарасөздері –тұнып тұрған ақыл мен тәрбие. Ол халықтың ән –күйлерін өте жоғары бағалаған. Өзі де көптеген ән шығарған. Абай орыс және шетел ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған. Ақын есімі театрларға және көшелерге берілген.

ІҮ. Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту

Ү. Қорытынды. Өзің тұрған жерде Абай атында не бар?

Саяхатшы дегенді қалай түсінесің?

ҮІ. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 147-148 бет

ҮІІ. Бағалау.