Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні -Наурыз

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай түсіндіру

2. Қазақтың ұлы мерекесі екендігін пысықтау

3.Адамгершілікке, инабаттылыққа дағдыландыру

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, суреттер

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алматы, Астана» тақырыбының

оқушылардан мазмұнын сұрап, сұрақтар қою

арқылы үй жұмысын қорытындылау

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелеу

4) Жұмбақ шешкізу.

Наурыз – жаңа жылдың бірінші күні. Дәстүрлі қазақ қоғамында наурыз жыл басы саналған. Ұлыс күнін қазақ елі әрқашан қасиетті, киелі деп бағалаған.

Наурыз тойын әдемі, әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі, наурызкөже пісірді.

Ашылды да кебеже, дәм әзірлеу басталды,

Әжем наурызкөжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар

Бар сүр ет пен шұжығы,

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырзығы.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Ү. Жаңа білімді бекіту. Наурыз қандай мейрам?

Көжені неше түрлі тағамнан дайындайды?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 146 бет

ІХ. Бағалау.

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Отаным

Сабақтың мақсаты: 1. «Отаным» мәтінін түсіндіру.Отан сөзіне түсінк

беріп, білімдерін қалыптастыру

2.Ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын дамыту

3. Оқушыларды Отанын сүюге баулу.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Жол, жолаушы тақырыбының оқушылардан

мазмұнын сұрау.

ІІІ. . Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ:а) «Отаным» тақырыбын оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелеу

Әркімнің туып – өскен жері Отан деп аталады. Сен Қазақстанда туып – өстің. Ол – сенің Отаның. Қазақстанның жері өте үлкен. Дүние жүзі бойынша тоғызыншы орын алады. Жерінде биік – биік таулар – Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жетісу, Іле Алатаулары орналасқан.

Ү. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту

ҮІ. Жаңа білімді бекіту. «Отан»»деген сөзді ұғып мәнін түсіндір.

Терісі бағалы жануарларды ата.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Емдік қасиеті бар дәрілік шөптерді ата.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Астана» оқу

ІХ. Бағалау