Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Мектепте жұмыс істейтіндердің бәрі – бір ұжым.

ҮІІ. Үйге тапсырма. «Мектеп» жаттау. «Мектеп ұжымы» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ІХ. Бағалау.

Д үниетану

Сабақтың тақырыбы: Әдеп сақтау және оған көмек беру. Мектеп білім ордасы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға әдеп сақтау және оған көмек беру

туралы түсінік беру

2. Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

3.Әдептілікке, достыққа, көмек бере білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, мақалдар,суреттер

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа

даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мектеп ұжымы» тақырыбы бойынша

түсінгендерін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою. Оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдерін жан-жақты

тексеру.

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындық.Біз бүгін сендермен «Әдеп сақта және оған көмек бер, Мектеп білім ордасы» тақырыбы бойынша білетін боламыз. Әдептілік, көмек берудің жақсылық екендігі туралы білетін боламыз.

Ү. Жаңа білімді меңгерту.

Әдепті бала кездессе,

Сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса

Өте шығар кекиіп - мақалын түсіндіру.

Сынып ішінде оқушылар ұжымының бір-біріне көмек беруі туралы әңгімелеу.Әрқашанда оқушылар сынып бөлмесін таза ұстауда бір-біріне көмек беруі керек, бір-бірін тыңдау, айтқандарын орындауы керек.

Тақырыпты оқып беру.Сурет бойынша әңгіме жүргізу.Тақырыпты кезекпен оқыту.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру.

-Сынып ұжымы деген не?

-Әдептілік деген не?

-Сынып мүшелеріне кімдер жатады?

-Ұжымға өзің қандай көмек бересің?

ҮІІ. Білімді бекіту. Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Менің сыныбым» тақырыбында әңгіме жазып

келу. Әңгімелеу 126-128 бет.

ІХ. Бағалау.

54. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектеп білім ордасы.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2 Адамгершілік тәрбие беру.3.Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мектеп ұжымы».әңгімелеу.« Мектеп» жатқа сұрау.

І Ү. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.- Мектепті кім басқарады?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?-Сынып ұжымына кімдер кіреді?-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?- «Мектеп –білім ордасы» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектеп» жаттау.«Мектеп –білім ордасы» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

55. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектебім-қуанышым!

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру. 2 Адамгершілік тәрбие беру. 3.Оқу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Мектеп-білім ордасы».әңгімелеу.

ІҮ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3) Әңгімелеу Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:- Өз мектебіңнің көрінісі туралы айт.-Мектепте қандай үйірмелер бар?- Мектебің кімнің атында?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектебім –қуанышым!» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білд