Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Отбасыңа қамқор бол.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді оқушыларға толықтай түсіндіру

2. Қауіпсіздік техникасымен таныстыру, сақтануға

үйрену.

3.Білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Адамдармен қарым қатынас, мекенжай»

тақырыбының оқушылардан мазмұнын сұрап, сұрақтар

қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Қауіпсіздік техникасы туралы әңгімелету.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты оқушыларға толықтай оқыту.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1. Газ неге қауіпті?

2. Суды үнемдеудің қажеттілігін дәлелде.

3.Электрдің пайдасын талдап айт.

4.«От- тілсіз жау» дегенді қалай түсінесің?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Отбасыңа қамқор бол»» түсініп оқуға.

ҮІІІ. Бағалау.

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Мектеп ұжымы.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді оқушыларға түсіндіру

2. Адамгершілік тәрбие беру.

3. Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, нақыл сөздер

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін, ынта жігерлерін сабаққа

аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. « Отбасыңа қамқор бол» тақырыбын

әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3. М Мақатаев: «Мектеп» өлеңін жаттату.Мақал-мәтел айтқызу.

1. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

2. «Әдепті бала кездессе сәлем берер бас иіп, әдепсіз бала кездессе, өте шығар кекиіп».

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқыту.

Мектебім – айтар әнім, Мектебім, қия алмаймын,

Сан рет қайталадым. Көп нәрсе қиялдаймын.

Өзіңнен алғанымды Мәңгілік оқушың боп

Өзіңе қайтарамын. Қалуға ұялмаймын.

Ү. Жаңа білімді бекіту. - Мектепті кім басқарады?

-Мектепте кімдер жұмыс істейді?

-Сынып ұжымына кімдер кіреді?

-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?

Осы жерден «Өрмекші торы» ойынын ойнатуға болады.Оған қажет жіп.Бір-бірімен мектеп ұжымының байланысын жіп арқылы байланыстырып көрсетуге болады.Бір оқушы директоры, одан кейін мектеп әкімшілгі т.б.