Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі»

тақырыбын әңгімелеп, сұрақтар қою

арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Аңдардың және құстардың жазғы тіршілігі жайлы

түсіндіру.

б) Мазмұнын әңгімелеу.

в) Дауыстап оқыту.

г) Әңгімелету.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -Аңдардың балалары қалай аталады?

-Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер

болады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Әңгімелеу 106-108 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Дүниетану Бөлімді қайталауға арналған тапсырмалар

1.Табиғат нешеге бөлінеді?

а) 2 ә) 3 б) 4

2.Неше жыл мезгілі бар?

а) 3 ә) 4 б) 5

3.Көз қандай мүше?

а) көру мүшесі ә) есту мүшесі б) сипап сезу мүшесі

4.Көкжиек тұстары нешеу?

а) 3 ә) 4 б) 5

5.Өсімдіктер тобы нешеу?

а) 2 ә) 3 б) 4

6.Жемістерді ата?

а) сәбіз, қияр ә) қызанақ, картоп б) алма, шие, банан

7.Қазір қай жыл мезгілі?

а) көктем ә) жаз б) қыс

8.Көктем айларын ата?

а) желтоқсан, қаңтар, ақпан ә) наурыз, сәуір, мамыр б) маусым, шілде, тамыз

9.Үй құстарын ата?

а) бүркіт, үкі ә) сауысқан, қарға б) тауық, қаз, үйрек

10.Түйенің төлі қалай аталады?

а) бота ә) лақ б) бұзау

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Мен және біз.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсіндіру.

2. Қамқорлыққа баулу.

3.Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Оқыту әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Мұрын, тіл, тері » туралы не білесің?-

Адамның сезім мүшелерін ата?

-Мұрын қандай қызмет атқарады?

-Сезім мүшелерін қалай қорғаймыз?

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелету.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту. -Өз отбасыңда кімдер барын айт?-Ата-анаңнан басқа үлкендер болса, олардың кімдер екенін айт?-Отбасыңа сенің қандай көмегің тиетінін айт?-Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.«Қамқоршы» деген сөзді түсініп ал.-«Туыс» деп кімдерді айтады?- «Мен» және «біз» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Отбасы. Мен және біз»» түсініп оқуға

ҮІІІ. Бағалау.