Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы:Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:1.Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі туралы

түсінік беру.

2. Оқу жылдамдығын, тілін, сөз қорын дамыту.

3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру:Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Балықтар

Бақалар туралы білетінін айтқызу.

Жорғалаушылар

Балық

Бақа, кесіртке, жылан қалай көбейетінін әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі жайлы

түсіндіру.

б) Мазмұнын әңгімелеу.

в) Дауыстап оқыту.

г) Әңгімелету.

Ү. Жаңа білімін бекіту:

-Көбелек жұмыртқаларын қайда салған?

-Қандай дернәсілдер өсімдікте жүр?

-Пайдалы және зиянды бунақденелілерді ата.

Қанқыз шыбын

Шантар жұлдызқұрт т. б.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:«Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі» түсініп

оқу. 104-105 бет.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?

ҮІІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы:.Көктем

Сабақтың мақсаты: 1 Көктем мезгілі туралы түсінік беру 2 Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.3 Көктемгі өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көктем көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету. ә) Көктем туралы оқып беру. б) Дауыстап оқыту.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімін тексеру:-Жапырақ неден пайда болады? -Ерте гүлдейтін өсімдіктерді атаңдар.-Көктем айы қай айдан басталады?-Наурыз сөзіне түсінік бер.-Ұлыс күнін қазақ елі қалай бағалаған?-Науырызда пісірілетін тағам не деп аталады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІ.Үйге тапсырма,бағалау.

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Аңдар және құстардың жазғы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: 1 . Аңдар мен құстардың жазғы тіршілігі туралы

түсінік беру.

2. Оқу жылдамдығын, тілін, сөз қорын дамыту

3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Оқыту әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.