Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың оқу құралдарын

түгендеп,зейіндерін, ынта-жігерлерін сабаққа

аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 1.«Құстардың туған жерге оралуы»

тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау

2.Салған құс ұяларының суреттерін тексеру.

III. Білімді жан-жақты тексеру.Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып «Кім жылдам?» ойынын ойната отырып білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Білімді қабылдауға дайындау.Бүгін біз, «Үй құстарын көктемде қалай бағып күту » туралы білеміз.Үй құстарын не үшін бағып-күту керектігі туралы білетін боламыз.

V. Жаңа білімді меңгерту:Есімізге түсіріп көрейік:-Үй құстарына қандай құстар жатады?-Үй құстарының жабайы құстардан қандай айырмашылығы бар?-Неге олар «Үй құстары» деп аталады?(сұрақтарға жауап алу)Көктемде үй құстары да балапан шығарады.Сондықтан оларды күтіп бағу керек.Оларға ұя жасап беріп, үнемі тамақтандырып тұру керек.Балапан басқан тауық тұрмайтындықтан алдына жем, су апарып қою керек.Ол балапан шығарған соң , оның балапандарын күтіп-бағуға көмектесу керек.

Тақырыпты оқып беру.Суретпен түсінік жүргізу.Өздеріне тақырыпты оқыту.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

VI. Білімді меңгергендерін тексеру.-Үй құстарын ата?-Оларды қалай күтеміз?-Көктемде неге оларды бағып-күту керек?

VII. Білімді бекіту. Тақырыпты оқыту.Өздері үй құстарын қалай

күтетіндіктерін әңгімелету.

VIIІ.Үй тапсырмасын беру. Әңгімелеу 101 бет.

ІХ. Бағалау.

Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер, және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: 1 Балықтар, қосмекенділер, және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру.2 Бақаны қорғауға баулу.3 Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Құстардың туған жерге оралуы»«Үй құстарын көктемде бағып-күту.»1. Құстар қай жақтан оралады?2. Ол жаққа қашан неліктен кеткен еді?3. Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады? 4. Құстар өз балапандарын қалай бағады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Мәтінді оқу.ә) Мазмұнын әңгімелеу.б) Дауыстап оқыту.в) Әңгімелету.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -Жылан мен кесірткенің қалай көбейетінін әңгімеле.-Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?-Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар? -Балық, шабақ, итшабақ немен қоректенеді?

ҮІ. Үйге тапсырма беру,бағалау:«Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.» түсініп оқу.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?