Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға құстардың көктемде туған жерге оралуы

туралы түсінік беру.

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту,

сөздік қорларын молайту.

б) Қамқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.

І.Үй тапсырмасын тексеру.«Малды көктемде бағып күту» тақырыбы бойынша

түсінгендерін сұрау.

ІІ.Білімді жан-жақты тексеру.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісін

пайдаланып білімдерін жан-жақты тексеріп өту.

ІІІ.Білімді қабылдауға дайындау.Біз бүгін «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбы бойынша білетін боламыз.Құстар басқа жаққа неге кетеді, туған жерге қашан оралатыны туралы білетін боламыз.

ІҮ.Жаңа білімді меңгерту. Ал ендеше есімізге түсірейік? -Қандай құстарды білесіңдер?-Қыстап қалатын қандай құстар бар?-Қыста құстар қалай тіршілік етеді, қысқа олар қалай дайындалады? (сұрақтарға жауап бер)-Біз өткен сабақтарда айтқан болатынбыз, құстардың кейбірі күзде күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді.Ал, олар кейін көктемде, күн жылына бастағанда туған жерлеріне оралады екен.Яғни, көктем-құстардың туған жерге оралатын мезгілі.Олар келе сала ұя жасайтын орын іздейді, ұя жасайды.Өз балапандарын шығарып, оларды қоректендіру үшін күндіз-түні дамыл таппайды.Яғни, біздің ата-аналарымыз сияқты өз балапандарын қорғайды.Тақырыпты оқып беру.Өздеріне оқытып шығу.Суреттерге қарата отырып, түсініктер беріп өту.Құс ұясын бұзбауды, балапандарды мысықтан және де тентек балалардан қорғап жүруді естеріне сақтату.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Құс ұясын, балапандарды мысықтан және тентек балалардан қорға!

Ү.Білімді меңгергендерін тексеру:-Құстар қай жақтан оралып келеді?

Ол жаққа қашан , неліктен кеткен еді?

Көктемде құстарды қалай күтеміз, қорғаймыз?

VI.Білімді бекіту:Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?(Оқушылардан сұрау)

VII. Үй тапсырмасын беру. Мазмұнын айту 99-101 бет

ҮІІІ. Бағалау.

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:Үй құстарын көктемде бағып-күту.

Сабақтың мақсаты: а ) Оқушыларға үй құстарын көктемде бағып-күту

туралы түсінік беру.

б) Сөйлеу тілдерін дамыту, оқу жылдамдықтарын

арттыру

в) Қамқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпті болуға

тәрбиелу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үй құстарының суреттері, жұмбақтар

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу