Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Көктем қарбаласы.

Сабақтың мақсаты: 1. Көктем қарбаласы» туралы түсінік беру.

2. Табиғатты қорғауға баулу.

3. Дұрыс, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, аңдардың суреттері

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейіндерін, ынта-жігерлерін сабаққа

аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Киік лағын қандай туады?

Лақтың туылғаннан кейінгі тіршілігі?

Киіктің лағы не деп аталады?

«Құралай желі» деп аталу себебі не?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:«Көктем қарбаласы» әңгімелеу арқылы түсіндіру.

а) Аюдың балалауы. Аюдың көктемгі тіршілігі. Аю немен қоректенеді?

ә) Тышқан, түлкі, тиін, кірпі.

1. Дауыстап оқыту. 2. Әңгімелеу.

Сергіту сәті.

Кел балалар ойнайық, Теріп алып жемістерді,

Тектен-текке тұрмайық Жолдастарға сыйлайық.

Ү. Жаңа білімді бекіту: -Аю қашан балалайды?- Аюдың баласы не деп аталады?-Ол апаннан қашан шығады?-Шыға сала не іздеп орманды кезеді?-Ол немен қоректенеді?

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:«Көктемгі қарбалас» мазмұндау 96-97 бет.

ІХ. Бағалау.

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Малды көктемде бағып-күту.

Сабақтың мақсаты: 1.Малды көктемде күтіп-бағу туралы түсінік беру

2.Малды күтіп,бағуға үйрену.

3. Дұрыс, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, малдардың суреттері

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін,

ынта-жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Аю қалай балалайды?

-Аюдың баласын не деп атайды?

-Аю немен қоректенеді?

-Тышқан, түлкі, кірпі ше?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.

Көктемде мал да төлдейді. Оларды арнаулы қорада төлдетеді. Төлді басқаларынан бөлек бағып-күтеді. Жас төлді кейде қосымша қоректендіреді. Соның арқасында жас төлдер тез көтеріледі. Күн жылына малды өріске жаяды. Жаңа шыққан көкті жеген мал тез семіреді.

Ү. Жаңа білімін бекіту:-Мал қай мезгілде төлдейді?

- Оларды қалай бағып күтеді?

-Төлдерді қалай қоректендіреді?

Жұмбақ шешу: 3.Сүйретіп жансыз денені,

1.Оты жоқ ошақты көсейді. Жолменен желіп келеді. (Сиырдың тілі) (Ат арба).

2.Жамау дерлік ізі жоқ ине жіптің.

Кигенін ауырсынбас киген мықтың

(Малдың жүні)

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай оқыту.

Сергіту сәті.

Тік ұста бойыңды, Соз қолыңды тағы да,

Жоғары ұста бойыңды. Жеткіз керік бойына.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 98 бет мазмұнын айту.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. Мал мен жабайы аңдардың көктемгі

тіршілігінде болған өзгерістерді айтыңдар?

ІХ. Бағалау.