Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

44. Сабақтың тақырыбы: б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Б дыбысы, әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Б дыбысы қандай дыбыс ? -Сөздің қай буынында жазылады?ә) Дауыстап тізбектей оқу б) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: Хормен оқыту. Жазба түрі –Б

Бақ бақа бағбан балға

Бақша бақбақ балуан балта

Тақтамен жұмыс:

Ү. Білімді бекіту.Орман мәтінін оқу. Орманда ағаштар бар.Онда қарағай да тал да бар. Қарға , торғайлар да орманда. Балабақша . Онда кімдер тәрибеленеді?

Сергіту сәтіДәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Орманда не бар? Қандай ағаш түрлері кездеседі? Қандай құс түрлері кездеседі? Балабақшада болғандарымыз бар ма?

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау

45. Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.С дыбысы және әрпімен таныстыру. Қатаң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. 2. Көркем етіп жазуға үйрету.3. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Б дыбысы қандай дыбыс? 2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса.Бота, ботақан, балапан.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Сағат сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. ә) « С» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату. б) С-ның әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-Бб Жазба түрі-

Ү. Жаңа білімді тексеру: 1) Суреттен нелерді көріп тұрмыз? С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу. 2.Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.

Сана сағат самал бас

Саба сабақ маса дос

3) Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.

Сап-сапта аш-ашпа сал-салма

Қап-қапта қаш-қашпа қой-қойма

Ү. Жаңа білімді бекіту1 Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.

-Сара қайда? -Асан сағат қайда?

-Ол сабақта. -Сағат қалтамда.

Сергіту сәтін өткізу.2. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпін жазып үйрену. 3.Әріп диктантын жазғызу.Мм,Дд, Бб, Сс. 4. Буындарды көрсете отырып, жазбаша жазуға жаттықтыру.5. Жұмбақ шешу.

Өзі кірден арылмас, Жоқ өзінде бас та,

Ізінен кір табылмас. Қас та

(сыпырғыш) Мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық.?

46. Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау. 2. Таза, әдемі жазуға баулу.3. Сөйлем туралы білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) С дыбысы қандай дыбыс? 2) С дыбысы сөздің қай жерінде жазылады.?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құрал-саймандармен таныстыру. ә) Хормен оқыту б) С әрпіне немесе дыбысына қатысты сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімді тексеру: 1) Тақтамен жұмыс Дос, бас, сана, маса сөзін жазғызу. 2.Саймандар не үшін керек? Саймандарды ата

ҮІ. Жаңа білімді бекіту1 Буыннан сөз құрап оқу. А-лу , тап-табу, бар-бару, бақ-бағу.

2. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпіне берілген сөз, сөйлемді жазып жаттығу.«Шынжыр» ойынын ойнату.сағат-тамақ-қарға-асыққалам-маса-Асан –нан т.б.

ҮІІ .Сабақты қортындылау: Бүгінгі сабақта не істедік?