Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

VIII. Бағалау Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Көктем. Адамдардың көктемгі еңбегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Көктем мезгілі туралы түсінік беру.

2. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

3. Көктемгі өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын

өзгерістерді тани білу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сұрақ жауап

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру. Қыста адамдар қандай жұмыстар істейді?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көктем көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету.

ә) Көктем туралы оқып беру. б) Дауыстап оқыту.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Мақалдар.

1. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

2. Еңбек –ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.

Сергіту сәті.

Күн бұлттанды, жаңбыр жауды.

Күн ашылды, кемпірқосақ шықты.

Ү. Жаңа білімін тексеру. Жапырақ неден пайда болады? -Ерте гүлдейтін өсімдіктерді атаңдар?-Көктем айы қай айдан басталады?-Наурыз сөзіне түсінік бер.-Ұлыс күнін қазақ елі қалай бағалаған?-Науырызда пісірілетін тағам не деп аталады?

Өзіндік жұмыс.

Жауқазын, бәйшешек, өгейшөп өсімдіктерінің суреттерін салу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?

ҮІІ.Үйге тапсырма. Әңгімелеу 58-60 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көктемгі тіршілігі. Құралай желі.

Сабақтың мақсаты: 1.Жануарлардың көктемгі тіршілігі туралы түсінік

беру.

2. Табиғатты қорғауға баулу.

3. Дұрыс, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, жануарлар.

Оқыту әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Көктем. Адамдардың көктемгі еңбегі туралы

әңгімелеп, үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:1. Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

2. Дауыстап оқыту.

3. Әңгімелеу.

Сергіту сәті.

1, 2, 3- қарлығаш болып ұш.

4, 5, 6- қарлығаш болып қалқы.

7, 8, 9, 10- қарлығаш болып қон.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -

Жануарлар жылдың қай мезгілінде төлдейді?-Олардың балалары қалай аталады?-Алғашқы кезде балаларын немен асырайды?

Өз бетімен жұмыс.

Жануарлардың суреттерін салу.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта нелер жайында білдік?

ҮІ. Үйге тапсырма беру:«Жануарлардың көктемгі тіршілігі» тақырыбын

түсініп оқу 95-96 бет.

ҮІІІ. Бағалау