Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Малды қыста күтіп бағуға дайындық жасау.

Сабақтың мақсаты: 1. Малдар туралы айтып түсінік беру.Оны күтіп , баптау

туралы түсінік беру.

2. Есте сақтау қабілетін дамыту, логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

3. Малсақ болуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Дауыссыз дыбыстарды атау.Төрт түлік туралы

айту.«Аңдардың түлеуі.» әңгімелету.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Тақырыпты түсіндіру. 2.Тізбектей оқыту. 3. Әңгімелеу - Балалар, қыста малды күтіп баптаудың неге қиын екенін кім айтады?

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты оқушыларға толықтай оқыту.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту: -Адамдар малды қайда жаяды?-Қысқа не дайындайды? -Шөпті қайда жинайды.-Мал қорларына қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі?- Малды қалай күтіп-баптайды?

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: -Біз не жайында білдік? -Малды күтіп баптаудың

ерекшелігін айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 83-84 бет.

ІХ.Бағалау.

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Құстардың қысқа дайындығы.

Сабақтың мақсаты: 1. Жыл құстары, қыстап қалатын құстар, «Құстардың қысқа

дайындығы» туралы айтып түсінік беру.

2.Құстарға қамқорлық жасауға баулу.

3. Оқу жылдамдығын дамыту.Сауатты , дұрыс оқуға сөздік

қорын молайту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру:1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ.Оқулық бойынша жұмыс жасау. 1. Тақырыпты оқи отырып түсіндіру. 2. Ролмен оқыту.3. Әңгімелеу 4. Жыл құстары дегенге түсінік беру.

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

Судан шықса баладай,

Тәй-тәй басып қалады- ай. (үйрек)

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)

Күзде жылы жаққа кетіп, көктемде қайтып оралатын құстарды «жыл құстары» дейді.

V. Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты оқушыларға толықтай оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту: -Құстардың неше түрі болады?-Жыл құстары дегенді қалай түсінесіңдер?-Қыстап қалатын құстарды ата.-Құстар қай жаққа ұшуға дайындалады?- Ауыл маңында қандай құстарды көбірек кездестіруге болады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта құстардың қысқа дайындығы, жылы жаққа ұшып кететін, қыстап қалатын құстарды білдік.

ҮІІ. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 85-86 бет.