Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

42. Сабақтың тақырыбы м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. М дыбысы, әрпі туралы алған білімін тиянақтау.Буын туралы түсінігін кеңейту.2.Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру а) - Балалар, біз қандай әріппен таныстық? -Дыбысты қайтеміз? Әріпті ше?-Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?(дауысты, дауыссыз)-Дауысты дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -Дауыссыз дыбыстар қай үйдің тұрғыны? -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ?ә) Дауыстап тізбектей оқу. Ән: «Төлдер»

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сергіту сәтін өткізу.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Жұмбақ шешу.-Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?

Базарда бар, қалада жоқ,

Бауларда бар, далада жоқ.(р)

Барда жоқ, жоқта бар,

Қарда жоқ, отта бар. (т)

  1. Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп.(м) 5. «Майда»бар да, «шайда» жоқ,

«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

ә) М әрпіне қатысты сөздерді оқыту.Май марал маман Арман Малмақпал тағам Айман.-Балалар, тіршілік ету үшін адамға не қажет? -Таза ауа, тамақ, су,т.б.Дұрыс балалар, адам денсаулығы жақсы болу үшін таза ауа керек және тамақ керек екен. -Тамаққа нелер жатады? (атау) «Тамақ» мәтінін оқыту.

Ү .Білімді бекіту.б) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.(момақан,домалақ, мақта мама,мата,май мысық)в) Алдына әріп қосып айтыңдар: ...аға, ...ауа,...апа,...ақта,...ана.г) Артына әріп айтыңдар. Қол..., алаш..., шаш..., шар..., монша... .ғ) Сөзге буын жалға. Ой-..., мал-..., а қ қар..., ақ-..., ара-..., ал... .Сергіту сәті. ән: «Мысық»д) Дәптермен жұмыс:М дыбысына қатысты берілгенді жазу.

ҮІ .Сабақты қортындылау: -Болар күнде алаң, Жаны ашыр кім саған? -Мамам! -Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? -Мамам!

-« Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам? -Мамам!

-М әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

43. Сабақтың тақырыбы: б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысы, әрпі мен таныстыру.Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . 2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -М дыбысы қандай дыбыс? -Қай текшеге жатқызамыз ?-Сөздің қай буынында жазылады? ә) Дауыстап тізбектей оқу. б) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) – Балық, бақа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. б) -Әріп таңбасымен таныстыру. 3 рет дыбыстау Баспа түрі-Бб

Хормен оқыту. Жазба түрі- Тақтамен жұмыс: Бала, баба,бата, бота,бор, бал. 2.Сөйлем құрату.3.Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман , нан, мал, қаймақ.

Ү. Білімді бекіту.1.Өтілген әріптерді пысықтау:Аа,Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм.

Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.2. Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазып жаттығу. Көшіріп жазуға үйрену.

ҮІ. Сабақты қортындылау:-Б дыбысы қай буында жазылады? -Б қандай дыбыс?