Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Математика

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықтарды өлшеу, салыстыру

Сабақтың мақсаты: 1. Ұзындық өлшем бірлігін қайталау.

. 2. Ұқыптылыққа баулу.

3.Ой-өрістерін дамыту.

Оқыту әдісі: Түсіндіру.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

№1. Сурет бойынша шыршалардың ұзындығын салыстыру..

Әр түсті кесініділірідің ұзындығын салыстыру.

№ 2. Берілген кесінділерді өлше, ұзындығы 5 см кесінді сыз; оны 3 см-ге қысқарт

№ 4. Тиісті санды қой.

2дм= 20см 5 дм+2 дм= 7 дм

3 дм =30см 8 дм- 4дм = 40 дм

40см =4 дм 70см - 40см = 3дм

50 см=5 дм

60 см= 6дм

70 см= 7дм

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

Ү. Үйге тапсырма. №3 есеп 191 бет

ҮІ. Бағалау.

Математика

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды бір – бірінен ажырату. Кесінділерді сызу

Сабақтың мақсаты 1.Оқушыларға тақырып бойынша мысалдар,есептер орындату

тапсырмаларды түсіндіре отырып, білімдерін

қалыптастыру.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту

3. Математикалық тілде сөйлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пысықтау

Көрнекілігі: оқулық, дидактикалық материалдар

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін

сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. №3 есептің шығарылу жолдарын тексеріп, үй жұмысын

қорытындылау

ІІІ.Білімін жан-жақты пысықтау.

Өткен материалдарды пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ

Өткен сабақтарды еске түсіре отырып есептер шығару

№1. Суретке қарап, фигуралардың нөмірлерін анықта және оларды атауларының

жанына жаз.

Түзулер: 5, 60 Шаршылар: 7, 70

Нүктелер: 2, 20 Қисық сызықтар: 40

Дөңгелектер: 3, 50 Кесінділер: 6, 100

Бұрыштар: 4, 9, 90 Сәулелер: 8, 80, 30

Сергіту сәті

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

Ең қысқа кесіндіден 3 см ұзын кесінді сыз.

Ең ұзын кесіндіден 4 см кесінді сыз.

Ү. Қорытынды. Біз нені үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма. Геометриялық фигуралар жасау

ҮІІ. Бағалау

Математика

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты 1.Оқушыларға тақырып бойынша мысалдар,есептер

орындату тапсырмаларды түсіндіре отырып,

білімдерін қалыптастыру.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту

3. Математикалық тілде сөйлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пысықтау

Көрнекілігі: өрнектер, сандар