Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Математика

Сабақтың тақырыбы: Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу.

Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Ұқыптылыққа баулу.

3.Танымдылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, әр түрлі фигуралар

Сабақтың жүру барысы

І .Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа

аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

№1. Қосындысын жазып мәнін табу.

70+20=90 90-20=70

70+0=70 90-0=90

7+2=9 90-90=0

7+0=7 9-2=7

0+7=7 9-0=9 9-9=0

№ 2. Фигуралардың қандай бөліктерден құрылғанын байқау.

Суретте неше шаршы бар? Үлкен шаршы неше кіші шаршыдан құрастырылған?

Суретте неше кесінді бар? Үлкен кесінді неше кіші кесіндіден құрастырылған?

№3. 90 және 40 сандарын пайдаланып, азайту амалына есеп құрастыр.

Шарты: Болғаны – 90 кітап

Алынды – 40 кітап

Қалды – ? кітап

Шешуі: 90-40=50 (к)

Жауабы: Қалды 50 кітап

Сергіту сәті

1,2,3- қарлығаш болып ұш. 7,8,9, 10-қарлығаш болып қон.

4,5,6- қарлығаш болып қалқы.

ІҮ. Білімді бекіту.

№4. Санды өрнектерді салыстыр.

70+10*30+30 60+30*20+50

50-20*10+20 70-40*50+10

80-10*30+40 40+20*90-60

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма. 5 есеп 182 бет

ҮІІІ. Бағалау

Математика

С абақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Ұқыптылыққа баулу

3.Танымдылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,геометриялық фигуралар

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа

аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ .

№1. Әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу.

Дәптермен жұмыс

2. Үшбұрыш. шаршы , төртбұрыш сызғызу.Оларды салыстыру.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

№ 3. 50 мен 20 сандарын пайдаланып қосу амалына есеп құрату.

Шарты: І бумада-50 кітап

ІІ бумада-20 кітап

Барлығы-?

Шешуі: 50+20=70 (к)

Жауабы: Бумада барлығы 70 кітап

Ойын:» Ойлан тап.

а*а+1 а*а-1

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

Ү. Үйге тапсырма. №4 есеп 183 бет

ҮІ. Бағалау