Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

39. Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а)«Дала» сөзіне дыбыстық талдау жасау.ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.) б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту. Хормен оқыту. Қайда сұрағына жауап беретін сөйлемдердің интонациясын дұрыс .қойып оқуға жаттықтыру. Дулат қайда? Айдар қайда? сұрақтарына жауап бергізу Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.

ҮІ. Жаңа білімді тексеру. а)-Д қандай дыбыс? Қай буындарда жазылады? ә) Дәптермен жұмыс:Д әрпін жазуға жаттықтыру.б) Жұмбақ шешу.Үп-үшкір тұяғы,Жылан көзін ояды.(Дәуіт) Іші егіс, сырты тегіс.(тон) Есігі біреу, бөлмесі бесеу.(қолғап) в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата,апа,ана,ала,аға,тай,қой,тон, той.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?

40.Сабақтың тақырыбы Дд дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. 2. Еңбексүйгіштікке баулу. 3. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Бағытты айыра білу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а/ Дд дыбысы қандай дыбыс? ә/ Дауыстап тізбектей оқыту. б/ Жеке-жеке оқыту.

ІҮ. Білімді бекіту. Тақтаға сөз жазғызу: Дд, доп, дала, доға, Дана. Сөйлем құрату. Сызбасын сызу.Далада диқан жұмыс істейді. / 4 сөзден құралған./ Айжан дәрігерге барды. Айжанның денсаулығын тексерді. Оған дәрі берді. 3. Кеспе әріптерден сөз құрау. Доп, ойна. Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Оқушының білім-білік дағдысын тексеру.а) Бұл қалай өзгерген? Дидактикалық ойын. Дос-тос, топ-доп, нар-шар.ә/ Жоқ әріпті теріп жаз. ...оп, ...ар, ...он, ...оқ. б)Дәптермен жұмыс: Берілгенді көшіріп жазу.в) Сөздік диктант жазғызу: қол, ата, апа, ана, ала, аға, тай, қой, тон, той.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?

41. Сабақтың тақырыбы: м м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Мм дыбысы, әрпі мен таныстыру 2.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Д дыбысы қандай дыбыс? -Қай үйдің тұрғыны ? ә) Дауыстап тізбектей оқу.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) - Моншақ, мата сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. Мм дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Мм -әріп таңбасымен таныстыру. ә) Хормен оқыту. Тақтамен жұмыс:Мата. алма, қима әріппен жазғызу. 2.Сөйлем құрату. 3. Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру: Аман ,нан,мал, қаймақ.

Ү. Білімді бекіту.Дәптермен жұмыс: А әрпін жазып жатттығу. Көшіріп жазуға үйрену.

ҮІ .Сабақты қортындылау: Мм дыбысы қай буында жазылады? -Мм қандай дыбыс?