Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

31. Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. А,Т,П,Н,Ғ,Л,У дыбыстары мен әріптерін қайталау.2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3.Осы әріптерді қатыстыра отырып , сөз, сөйлем туралы

алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.Дауысты дыбыстар: а,у.Дауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, у. ә) Сөз ойлау, сөйлем құрату. б) Сөйлемнің 1-ші сөзі бас әріппен жазылып, сөйлем соңына нүкте қойылатынын түсіндіру. Адам ауамен дем алады.в) Сөздік диктант.Бас әріп пен кіші әріпті жазу.Аа Тт Пп Нн Ғғ Лл Уу, Ат ,нан, апа, лақ, ара. Папа.г) Сөздерді буынға бөлгізу:А-на, а-ра, А-ға На-уа, Ра-уан, А-нар.ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

ІҮ. Бекіту кезеңі:«Қай буынды жоғалттым» ойыны На-..., ...-лап, ...нар, а-..., ...рал. Тау-..., ту-..., ...-тар.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріптерді танып,білдік?

32.Сабақтың тақырыбы: ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ш дыбысы әрпімен таныстыру, түсіндіру. 2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ .Жаңа сабақ:Ш әрпін айтсақ жасырмай, Ұшаша айыр басындай. (Ш)

Шар сөзіне талдау жасау. Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сөздерді буынға бөлу. Шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Ш дыбысына қатысты сөз ойлату. Сөйлем құрату. Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады?Соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Сергіту сәті

Ү. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс: Ш әріптерін жазып үйрену. Тақтамен жұмыс:Ша, шар,Шара, шам; шана,

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып,білдік?

33. Сабақтың тақырыбы ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. 2. Адамгаршілік тәрбие беру. 3. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Білімді тексеру.1) Ш дыбысы қандай дыбыс?2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Тамаша,алаша, шаңғышы.3) 48 беттегі берілген сөздерді оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Ш әрпі бар сөздерді атаңдар.

Шоршиды шортан, шорағай,

Шабақ аулап шағала,

Шегіртке қуып Шорабай,

Шапқылар шилі жағада. ә) тақтаға сөз құрап жазу.(кеспе әріптермен) б) Жеке және көп заттың атауымен таныстыру. Ағаш-ағаштар. Шар-шарлар.т.б.в) Хормен оқыту.Шағала шапан алша шар.Алаша ағаш арша шаш.г) Сөйлем құрату. Шара шар ал. Шарапат шашу шаш.

Ү. Жаңа білімді тексеру: Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Буын диктантын жазғызу

ҮІ. Білімді бекіту.Сергіту сәті: «Шынжыр» ойынын ойнату. Шар-радио-отан-нан- науа-ара- аспан т. б.Дәптермен жұмыс: Ш ш ша шар Шара. Көшіріп жазу. Шағала, шана арша алша.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?