Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Ақымақ қасқыр» ертегісінің мазмұнын сұрау.

Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру, бағалау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.«Кім тапқыр» ойынын

ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі.Бүгін біз ел аузынан келе жатқан «Зеректік» әңгімесімен

таныс боламыз.Мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттаймыз.

V. Жаңа сабақ. Жолаушы, жоқшы, түйе туралы түсінік беру.Түйе- төрт түліктің бірі.Жолаушы-жол жүріп келе жатқан адам.Жоқшы-жоғалған малын (затын) іздеп жүрген адам.Әңгімені түсініп оқып беру, мазмұнын әңгімелеп беру.Әңгімені өздеріне кезекпен оқыту.Мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздыру, мағынасын түсіндіру.Мақал-мәтелдер мен әңгіменің арасындағы байланысты айту, түсіндіру.Жұмбақты оқыту, жауабын тапқызу, көшіріп жазғызу.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Дәптермен жұмыс. Мақал-мәтелдер

1.Түйе атасы – нар,

Ағаш атасы – шынар.

2.Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалған.

Жұмбақ.

Екі кісі қарауыл қарайды,

Бір кісі шөпшек тереді. (сиырдың мүйізі)

VI.Жаңа материалды пысықтау.Әңгіме не туралы?

Әңгіме неліктен «Зеректік » деп аталады?

Жоғалған түйенің қандай белгілері бар еді?

Түйені қалай тапты?

Әңгімеден нені үйренуге болады?

VII.Бекіту кезеңі. Әңгімені оқу,мазмұндау.Әңгіме бойынша сурет салу.Мақал-

мәтелдерді, жұмбақты жаттау

VIII. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 218-220 бет

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

23.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Зеректік.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардан әңгіменің мазмұнын сұрау

ә) Оқу жылдамдықтарын дамыту.

б) Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Зеректік» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Қайталау.

1.Әңгіме не туралы айтылған?

2.Жолаушылар кімге кезігеді?

3.Сұраққа қалай жауап берді.

4. «Зеректік дегеніміз не» ?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

ІҮ. Үйге тапсырма. Үлгімен жұмыс жасау.

Ү. Бағалау

Ана тіл

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын

есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.

б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу