Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Күшік пен мысық» ертегісі бойынша түсінгендерін

сұрау.Рөлге бөліп ойнау.Салған суреттерін бағалау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. «Қойлар мен

қасқырлар» ойынын ойнату арқылы білімдерін пысықтау.

ІV. Мақсат қою кезеңі.Бүгін біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ. Қасқыр мен қойдың, ешкінің суреттерін көрсету, таныстыру.Қасқыр-жыртқыш аң.Ол орманда далада тіршілік етеді.Ол малдармен етпен қоректенеді.Қой мен ешкін төрт түлік малға жатады.Оларды адамдар бағып, өсіреді.«Ақымақ қасқыр» ертегісін мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Ертегіні кезекпен оқыту. Ертегі не туралы?Қой

мен ешкі қасқырдан қалай құтылды?Ертегіден

біз нені үйрендік?

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

VII.Бекіту кезеңі. Ертегіні рөлге бөліп оқу

VIII. Үйге тапсырма. Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу 216-218 бет

ІХ.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

21.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақымақ қасқыр

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ертегіні таныстыру .

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте

сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту

б) Тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Күшік пен мысық» ертегісі бойынша түсінгендерін

сұрау.Рөлге бөліп ойнау.Салған суреттерін бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Қой мен ешкі қасқырдан қалай құтылды?

Қойдың сөзі. Жейтін болсаң, ажалым жеткен екен. Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарны қампиған, аузында тісі жоқ, бір асым еті жоқ, тұла бойы шандыр мені қайтесің? Мені босат, қоралы қойға қайтайын, қозымды саған әкеліп тартайын. Жылы - жұмсақты сен жемегенде, кім жейді? – дейді. «Жылы - жұмсақ» деген сөз қасқырды қызықтырады. Қойды босатып қоя береді.

Ешкінің сөзі. –Атаң да, анаң да жақсы еді. Қой тұрғанда олар ешкіні жемеуші еді. Мен көп ешкінің бірі емеспін, тойда билеп, торқа киген ешкімін! –деп судыратады.

Қасқырдың сөзі. –Ешкі билейді дегенді естіген емеспін. Ондай өнерің болса, көрсет! –дейді қасқыр.

Ендеше көз аудармай аяғыма қара да тұр. Мен бір билеп көрейін, –дейді де, ешкі олай–бұлай секіре –секіре, жалт беріп көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сол арада қойшы да келіп, ешкі аман құтылады.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Үлгі дәптерден берілген тапсырманы орындау.

Ү. Қорытынды. Әңгімеде нелер туралы айтылған?

Өздерің қандай ертегілер білесіңдер?

ҮІ. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 216-218 бет

ҮІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

22.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Зеректік.Мақал-мәтелдер.Жұмбақ.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды әңгімемен таныстыру.Мақал-мәтелдер,

жұмбақ жаттату.

ә)Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқу

жылдамдықтарын дамыту.

б) Зеректікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу