Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. 1.Арыстан мен түлкі ертегісі бойынша түсінгендерін

сұрау.

2.Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Қима карточкалар

арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген

сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындату.

IV. Мақсат қою кезеңі. Бүгін біз үй жануарлары туралы «Күшік пен мысық»

ертегісімен таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Мысық пен күшіктің суреттерін көрсету, таныстыру.Мысық пен күшік үй жануарларына жатады.Оларды адамдар асырайды.Мысық тышқан аулайды.Ал күшік үй күзетеді.Күшік пен мысық ертегісін түсініп оқып беру.Мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқу.Оқушыларды ешқашан да мақтаншақ болмауға үндеу. Мақтаншақтықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсіндіру.

Сергіту сәті.

Күн бұлттанды, Күн ашылды,

Жаңбыр жауды. Кемпірқосақ шықты

VI.Жаңа материалды пысықтау. Күшік пен мысық қайда өмір сүреді?Ертегі не туралы?Күшік қасқырды қалай мақтады?Мысық күшікке қандай мінездеме берді.Мақтаншақтық неге әкеліп соқтырды?Ертегіден біз нені ұқтық?

VII.Бекіту кезеңі. Ертегіні рөлге бөліп оқу

VIII. Үйге тапсырма. Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

18.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды ертегімен таныстыру.Үй жануарлары туралы

түсініктерін кеңейту.

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте

сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.

б) Мақтаншақ болмауға, батылдыққа, тыңдай білуге

тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. 1.Арыстан мен түлкі ертегісі бойынша түсінгендерін

сұрау.

2.Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Қима карточкалар

арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген

сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындату.

IV. Мақсат қою кезеңі. Бүгін біз үй жануарлары туралы «Күшік пен мысық»

ертегісімен таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

1.Күшік қасқырды қалай мақтады?

2.Мысық күшікке қандай мінездеме берді?

3.Мақтаншақтық неге әкеп соқтырды?

-Сенің көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, - депі күшік.

-Несін айтасың!Сенің көің бозарып тұр, құлақтарың салпайып, аузың аңқып тұр. тілің салақтап, құйрығың салырап тұр, - депті мысық.

-Ей, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жеймін ! – депті.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

ҮІ. Қорытынды. Өзің осыған ұқсас ертегі құрастырып көр.

ҮІІ. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 213-215 бет

ҮІІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

20.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақымақ қасқыр

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ертегіні таныстыру .

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте

сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту

б) Тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу