Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген Қожанасырдың тойға баруы туралы

мәтінді мәнерлеп оқыту. Мазмұнына сұрақ қою арқылы түсінігін сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Қожанасырды үй иесі

неліктен құрметтемеді?Екінші рет не үшін сыйлады?

IV. Мақсат қою кезеңі. Сендер Алдар Көсе туралы естігендерің бар ма?

V. Жаңа сабақ. Ендеше бүгінгі сабағымызда Алдар Көсе туралы.

Мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұнын сұрақ жауап арқылы түсіндіру.Оқушыларға оқыту. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Тағы да басқа қандай Алдар Көсе туралы әңгіме, ертегі білесіңдер?Өз беттерінше айтқызып, тіл байлығын дамыту.

VII.Бекіту кезеңі. Мәтін кім туралы айтылған?

Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Мәтіндегі негізгі ой не деп ойлайсыңдар?

VIII. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.

ІХ. Бағалау.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен түлкі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ертегі туралы түсініктерін кеңейту

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін ,

қиялдарын дамыту.Сөздік қорларын молайту.

б) Қамқорлыққа, батырлыққа, үлкенді тыңдай білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге Алдар Көсе мен бай баласы әңгімесі бойынша

түсінгендерін сұрау.Алдар Көсе туралы тағы не

білетіндерін сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Халық ауыз әдебиеті

туралы сұрақ-жауап жүргізу.

IV. Мақсат қою кезеңі. Біз бүгін «Арыстан мен түлкі» туралы ертегімен таныс боламыз.

V. Жаңа сабақ. Ертегі туралы не білетіндерін қайталап, естеріне түсірту.Арыстан мен түлкінің суретін көрсету.Арыстан мен түлкі жабайы аңдарға жатады.Олар орманда , тауда тіршілік етеді.Арыстанды-аңдардың патшасы дейді, ал түлкі өзінің қулығымен,айлакерлігімен бәрімізге таныс.Ал ендеше ертегіні тыңдайық.

Ертегіні мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын әңгімелеп беру.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Ертегі дегеніміз не?Ертегінің қандай түрлері бар?Біз бүгін қандай ертегі оқыдық?Арыстан қандай айла тапты?Түлкі қалай аман қалды?

VII.Бекіту кезеңі. Ертегіні рөлге бөліп оқыту

VIII. Үйге тапсырма. Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.

ІХ. Бағалау .

Бекітемін:_______ Ана тілі

17.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды ертегімен таныстыру.Үй жануарлары туралы

түсініктерін кеңейту.

ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте

сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.

б) Мақтаншақ болмауға, батылдыққа, тыңдай білуге

тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу