Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге Досболдың тапқырлығы мәтінін оқыту сұрақ қою

арқылы мазмұнын сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Досбол Балабимен не

туралы айтысты? Ел іші мынадай деп не істеді?

IV. Мақсат қою кезеңі. Ел арасында Досбол сияқты тауып сөз айтатын бір адам бар

Ол кім екенін білеміз бе?-Қожанасыр.

V. Жаңа сабақ. Ендеше бүгінгі сабағымыз осы Қожанасырдың тойға барғанда тапқан қулығы туралы айтылмақ. Оқулықтың 208-бетіндегі мәтінге қараймыз. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын сұрақ қою арқылы түсіндіреді-Алғаш рет Қожанасырды үй иесі неліктен құрметтемеді?-Ал екінші рет не үшін сыйлады?

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып түсіндіру

Баяғыда біреу той жасапты. Тойға көп кісі жиналыпты. Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жұпыны екен. Оны ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш » демепті. Қожа шығып кетеді де, үйіне барып тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді. Ет келгенде: -Қожеке, алыңыз, алыңыз! – деп қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: -Же, шапаным, же! –деп отыра береді. Үй иесі:

-Сіздің бұл не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? –депті. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырмын! – деп жауап береді.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Бүгін біздің мәтініміз кім туралы болды?

Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Адамды құрметтеу-Адамның бәрін бірдей көру туралы айтылған.

VII.Бекіту кезеңі. Мәтінді тізбектей оқыту.

VIII. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 208-210 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

16.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Алдар Көсе мен бай баласы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын сұрақ-

жауап арқылы түсіндіру.

ә) Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

б) Ұжым арасында сыйлы, шыншыл,адал болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу