Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі.Қандай ертегілер білесіңдер?

Ертегідегі айтылған оқиғалар шындыққа жанаса ма?

Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.

V. Жаңа сабақ:Мәтінді оқыту.

VI.Жаңа материалды пысықтау.

Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын

  1. Жетісуды билеп тұрған кім?

  2. Бөлтірік өзін қалай таныстырды

Қандай мәтінмен таныстық?Мәтіндегі негізгі ой қандай?Тауып сөйлеу керек екенін айтып түсіндіру.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, Терезеге қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын

VII.Бекіту кезеңі. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

VIII. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 207 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

14.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Досболдың тапқырлығы.

Сабақтың мақсаты: а) Мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұнын сұрақ –

жауап арқылы түсіндіру. Шешен деген сөзге түсінік

беру.

ә)Сөздік қорларын молайту, сабақ барысында ойлау

қабілеттерін дамыту.

б) Аз сөйлеп көп тыңдауға, шешендік өнерге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, шешендік кітапшалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.Халық

ауыз әдебиеті дегеніміз не?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау. Бөлтірік Тезек төрені қандай сөзбен жеңетінін айтты?

IV. Мақсат қою кезеңі. Сондай, орақ ауыз, шешен тілді тағы тұлғаларымыздың

тапқыр ойлы сөзін ойға түйіп алайық.

V. Жаңа сабақ. Досболдың тапқырлығы. Бұл әңгіме ел аузынан таралған.Мәтінді

түсіндіріп оқу

VI.Жаңа материалды пысықтау. Досболмен кім түстеніп отырған? Үй иелері түскі асқа не дайындаған? Балаби не істемекші болды? Досболға қандай сөз айтты? Ол сөзді айтып отырып не істеді? Жолдасының қулығын сезген Досбол қандай айла , тапқырлық жасады?

Мәтін кім туралы айтылған? Мәтіннің негізі ойы не? Бізді неге тәрбиелейді? Сөз айтсаң да не іс қылсаң да тауып ойланып жасау керек екені туралы айтып тұр.

Тапсырма беру.Мәтіннен Досбол шешеннің Балабиге берген жауабын тауып оқыту.

Сергіту сәті

Қандай жылы күн шуақ, 1,2,3,4 деп санаймын,

Балапандар жүр шулап. Қызығына қараймын.

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырманы орындау

VII.Бекіту кезеңі. Мәтін бізге ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

VIII. Үйге тапсырма. Мәтінді әңгімелеу 207-208 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

15.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып,

мазмұнын сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Мәтінді мәнерлеп

сауатты оқуға машықтандыру

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін

дамыту.

б) Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу