Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, үйге берілген І.Жансүгіровтың «Жазғы шілде

өлеңін мәнерлеп оқыту . 196- жаттығуды тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Сөздерге дыбыстық талдау жасау туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында, тақтада жазулы үш сөзге талдау жасату.

IV. Мақсат қою кезеңі. Сөйлемдегеніміз не?

V. Жаңа сабақ. Тақтада үш сөз жазулы тұрады.Оқушылар (гүл) аулаға отырғызды.Осы сөйлемнің мағынасына қарай өзгертіп оқимыз.Оқушылар гүлді аулаға отырғызды.Кестемен жұмыс.

ЕРЕЖЕ. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білеміз.

Мыс: Оқушылар гүлді аулаға отырғызды.1.Оқушылар не істеді? Оқушылар отырғызды.2.нені отырғызды?Гүлді отырғызды.3.Қайда отырғызды? Аулаға отырғызды.

Дәптермен жұмыс.

200-жаттығу. Сөйлемді оқыңдар. Таңертең бақшада бұлбұл сайрайды. Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар.

Не?

Қайда? сайрайды

Қашан?

201-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Кім?

Неге? тікті

Не?

Тапсырма: Берілген сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жазыңдар

Көйлек, қуыршаққа, Нағима.

Сұрақ-жауап арқылы орындалады.

Жазда малдарды қайда айдап кетеді?Жазда малдар қайда тұрады?

Жазда малды жайлауға айдап кетеді.Оны жайлау деп атайды.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жайлау» түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беру.Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Оқушыларға тізбектей оқыту.

VII.Бекіту кезеңі. Сұрақ қою арқылы түсінгенін пысықтау.

Сөйлемдердің байланысын не арқылы білеміз?

Қандай мәтінмен таныстық?

VIII. Үйге тапсырма. 202- жаттығу ,мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндау.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

11.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Білім бақылау сабағы

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтау.

ә)Есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту

б) Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.Өтілген материалдарды сұрақ қою

арқылы пысықтау.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

197-жаттығу. Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Жау, жаңбыр, сұлудай.

199-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, сұрақтар қойыңдар.

Отыз, он бірінші, жиырма екі, елу, жүз, елу үш, сексен төртінші, бес жүз алты, екінші.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

IV Өтілген материалдарды пысықтау.Сұрақ-жауап қою

V.Бекіту кезеңі. №10 өзіндік жұмысты орындау

VI. Үйге тапсырма. Қайталау

ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

13.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Менің атым-Бөлтірік.

Сабақтың мақсаты: а) Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру.Айтыс

туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) Сабақ барысында логикалық ойлау қабілеттерін

алған білімдерін, сөздік қорларын дамыту

б) Адамгершілікке тәрбиелеу. Шешендік өнерге

баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, әңгіме кітапшалар.