Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:Жұмбақ өлеңдерден бастап. Бұл қай кезде

болады? деп сұрап бастаймын.

V. Жаңа сабақ. Жыл мезгілдерін атайықшы? Жылдың неше мезгілі бар?

Өлеңді мәнерлеп оқу

Көбелек бір – гүл де бір,

Қызыл –жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау –бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз –әні,

Көлде құстың базары.

Жидек пісіп, толады.

Бұл қай кезде болады?

Дәптермен жұмыс

193-жаттығу. Заттың сынын білдіретін сөздерді жазыңдар.

Жұқа тақтай, қызыл гүл, асау құлын, кең көше, биік үй.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Жыл мезгілдерін сипаттау. Өзіңе қай

жыл мезгілі ұнайды?

VII.Бекіту кезеңі. №8 өзіндік жұмысты орындау

VIII. Үйге тапсырма. 192-жаттығу

ІХ. Бағалау

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау материалдары. Жазғы шілде.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтау.

ә)Сөздік қорын, логикалық ойлау, есте сақтау

қабілеттерін пысықтау.

б) Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Қазақ тілінде неше әріп бар?Оның ішінде неше

дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

V. Жаңа сабақ. 194-жаттығу қарсы мәндес сөз тауып жаз

Ірі- уақ әлді-әлсіз

Жылы – суық жақсы -жаман

Қою –сұйық оң -теріс

195- жаттығу. Көшіріп жазып, жіңішке дауыстылардың астын сызыңдар

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ,

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.

VI.Жаңа материалды пысықтау. №9 өзіндік жұмысты орындау

VII.Бекіту кезеңі. Сұрақ-жауап «Алма жинау» ойыны

VIII. Үйге тапсырма. 196- жаттығу

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

10.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Жайлау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы

түсінік беру.Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы

білімдерін бекіту.Жайлау туралы түсініктерін пысықтау.

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін

дамыту.

б) Үй жануарларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар