Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
silabus.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.09 Mб
Скачать

Мазмұны

Алғы сөз....................................................................................................................4

Мазмұны...................................................................................................................5

Түсіндірме жазба....................................................................................................6

Пәннің мазмұны.......................................................................................................7

Кіріспе.......................................................................................................................7

Бөлім 1.Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету кәсіпорындарын техникалық және технологиялық жабдықтау................................................7

1.2.Ғылыми-техникалық прогрес және сервистік қызметті жеделдетуге бағыт.........................................................................................................................7

1.3.Тұрмыстық және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен жобалаудың технологиялық негіздері...................................................................8

Бөлім 2.Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету кәсіпорындарында клиенттерге қызмет көрсету технологиясы.....................................................8

1.5.Технологиялық процестерді жобалау..............................................................8

1.6.Әлеуметтік мәдени қызмет көрсетудегі қазіргі технологиялар: комьютерлік, телекоммуникациялық т.б..............................................................9

Семинарлық сабақтардың тақырыптарының үлгілік тізімі...............................10

СОӨЖ үлгілік тізімі..............................................................................................10

СӨЖ үлгілік тізімі.................................................................................................11

Ұсынылған әдебиеттер.........................................................................................11

Авторы....................................................................................................................12

Түсіндірме жазба

“Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудегі қызмет технологиясы” пәні студенттерге сервистік қызмет пен тұрмыстық қызмет көрсету өндірісінің технологиясының ғылыми-теориялық аспектілерінің сұрақтарымен қоса қызмет саласындағы өндірістік үрдістердің пайда болуы мен қызмет етуінің практикалық сұрақтарын меңгеруге көмектеседі.

Қызмет саласы қоғамдық өмірдің маңызды аясы болып табылады және біздің қызметіміздің барлық жағына айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты сервистік қызмет, әсіресе тұрмыстық қызмет көрсету адамдардың өмірін материалдық қамтамасыз етуде белгілі бір орын алады, осыдан олардың әр түрлі рухани қызметтері жүзеге асырылады.

Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып студенттерді өндіріс технологиясы және өндірістік үрдістер жайында теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету, оның ішінде тұрмыстық қызмет және сервис саласындағы әр түрлі кәсіпорындардың идеяларының пайда болуынан бастап, өндірістік үрдістердің қызмет ету механизмдерімен аяқталатын жаңа жобалары мен істерінің қалыптастыру үрдісін қарастыру табылады.

Өндірістік технология бойынша студенттерге қажетті тәжірибе мен біліммен байланысты бұл пәннің міндеттері болып тұрмыстық сервистің әр түрлі кәсіпорындарының өндірісі, технологиялық үрдіс пен жүйелердің даму заңдылықтары, тиімді технологиялық үрдісті таңдаудағы ҒТП-ң рөлі, сервис және тұрмыстық қызмет көрсету саласында ғылыми-техникалық прогресстің тиімді бағытын анықтаудағы шикізат, энергия, отын туралы негізгі түсініктерді үйрету табылады.

Оқу материалын игеру студенттерге ұйымдық-өндірісітк үрдіске экономикалық негізде қарауға, қолданылатын технологиялардың ерекшеліктерін, техника жабдықтарының түрлерін, оларды құрастыру сипаттарын, шығарылатын өнімді пайдалану шарттарын айыруға; тек пайланылып отырған техниканың ғана емес, сонымен қатар рационалды жинақтауды жандандыру жолдарын анықтауға; барлық ресурстарды тиімді қолдануға; көліктік мәселелерді шешуге, т.б. мүмкіндік береді.

Курсты оқи отырып студент еңбекті жеңілдету және оның еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында адамның өндірістік функцияларын біртіндеп немесе толық ауыстыратын техниканың негізгі функцияларын меңгереді.

Техниканың табиғат заңдарын тану негізінде адамның еңбек күшінің тиімділігін арттыратынын, оның еңбек қызметіндегі мүмкіндіктерін кеңейтетіндігін; оның көмегімен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланытындығын, жер қойнауын, Әлемдік теңізді, әуе және космостық кеңістікті меңгеретіндігін оқып, біледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]