- •1. Конституциялық құқық ұғымын түсіну және оның құқық ғылымы саласындағы алатын орны.
- •2. Шет елдер мен қр конституциялық құқығының айырмашылықтары.
- •1. Конституцияның мазмұны мен мәні.
- •2. Конституциялық реттеудің обьектілері.
- •3.Шетелдердің конституцияларының еліміздің Ата Заңынан айырмашылығы.
- •1. Шетелдердегі мемлекеттер нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.
- •2. Басқару нысандары. Монархия, түсінігі және мәні. Парламенттік монархия.
- •3. Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі.
- •2.Шетелдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізг түрлері.
- •3.Шетелдердің саяси жүйелері.
- •1.Шетелдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары. Саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу, социал демократиялық партия.
- •1. Шетелдердегі тұлға, қоғам мен мемлекет. Азаматтылық пен бодандық. Оны алу және тоқтату тәртіптері.
- •2. Шетелдердегі адам мен азаматтардың конституциялық құқығы.
- •1. Мемлекет басшысы. Түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны.
- •2. Президент. Президенттің құқықтық тәртібі. Президентті сайлау тәртібі.
- •3.Шетелдердегі мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жік телуі.
- •2.Парламент құрылымы және оның конституциялық бекітілуі.
- •3.Парламенттің және оның палаталарының құрылуы.
- •4.Парламент өкілеттілігі.
- •1. Үкіметтің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
- •2.Үкіметтің қалыптасу тәртібі және құрылымы.
- •3.Үкіметтің құзыреті мен оның функциялары.
- •1.Сот билігінің ерекше белгілері.
- •2.Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •3.Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері.
4.Парламент өкілеттілігі.
Парламент өкілеттілігі конституцияда бекітілген және оның өкілеттілігінің көлеміне байланысты парламенттің үш түрі анықталған: шексіз өкілеттілігі бар, өкілеттілігі шектеулі және консультативті.
Шексіз өкілеттілігі бар парламент парламенттің үстінен қарайтын тұжырымдаманы басқарады және англосаксондық құқықты ұстанған көптеген елде орын алған. Олар кез келген сұраққа байланысты шешім қабылдай алады, яғни оның өкілеттілігінің нақты тізімі Конституцияда бекітілмеген (Ұлыбритания).
Өкілеттілігі шектеулі парламент: абсолютті шектеулі, мұнда парламент өкілеттілігінің наөты жан-жақты тізімі берілген (Франция, Мадагаскар, Сенегал және т. б.), және қатысты шектеулі, мұнда орталық биліктің өкілеттілігі Федерация субъектілерінің құқықтарымен (Федеративті мемлекттерді) және басқа аумақтық бірліктің құқықтарымен (унитарлы мемлекеттерде) шектелген, болып бөлінеді.
Консультативті парламент мұсылман мемлекеттерінде орын алған. Олар заңды кейде монархтық келісімімен қабылдайды, кейде мүлде заң шығармайды (мысалы, БАЭ-да заң күші бар актілердішығаратын арнайы тағайындалған Ұлттық жиналыс болса да, оны эмирлер кеңесі шығарады). Сауд Аравиясында мұндай анттерді (заңдарды) король шығарыды (Консультативтік кеңесте – аш Шуре кеңесінде – талқыланып болған соң). Алайда, олар бұны заң деп атамайды, не заң аясында пайда болған бар маңызды қатынастар қасиетті кітаптар – Құран мен Суннада реттеліп қойылған деп есептелінеді.
Парламент өкілеттілігі басқару мәні бойынша заң шығарушылық, бюджеттік, қаржылық, бақылау, сот, ішкі саясат және мемлекеттік билік органдарының құрылуына байланысты бірнеше үлкен топтарға немесе қызмет бағыттарына бөлінеді. Мысалы, Испан Конституциясында корсетілгендей, негізгі кортестер мемлекеттің заң шығарушы билігін түрге асырады, мемлекеттік бюджетті қабылдайды, жоғарғы сот, жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрылуына қатысады, үкімет қызметін бақылайды, ішкі және сыртқы саясаттың маңызды сұрақтарын шешеді (66,94,22 және т. б. баптары). Грекия Конституциясы екі бағытқа бөлінеді: парламенттің заң шығарушылық қызметі және салық салу мен қаржыны басқару (6-тарау).
Заң шығару өкілеттілігі – билікті бөлісуде конституциялық принципке сай көптеген шетелдерде заң шығарушы биліктің органы болып анықталатын парламенттің негізгі қызметі болып табылады. Конституцияда көрсетілгендей, заң шығарушылық билікті парламент және мемлекет басшысы (республикада – президент, мысалы, Грекия; монархияда – король, мысалы, Бельгия) жүзеге асырылады.
Заңды қабылдау парламенттің негізгі заң шығару қызметі болып табылады, ал қол қойып, заңды жариялау, әдетте, мемлекет басшысына жүктеледі. Алайда, атқарушы орган болып табылатын үкіметті заң қабылдай алады, бірақ егерде парламент уәкілдік берсе, яғни заң шығару қкілеттілігін делегирлейді. Анда санда заңды референдум да қабылдай алады.
Парламенттің қаржы саласындағы өкілеттілігі. Әр жыл сайын мемлекеттік бюджетті қабылдаумен; бюджеттің орындалуы жөнінде үкіметтің есебін бекітумен; салықтардың орнатылуымен байланысты. Кейбір елдерде қаржылай қкілеттілікке ақша эмиссиясы, шешім қабылдау, ішкі және сыртқы зайымдар, бюджеттен тыс қорлар және т.б. жатады (мысалы, АҚШ, Грекия). Берілген өкілеттіліктер, әдетте, заң актілерін қабылдау арқылы орындалады және көбінде заң шығару өкілеттілігіне қосылып кетеді.
Парламенттің халықаралық қатынас саласындағы маңызды өкілеттіліктері болып: халықаралық шарттардыратификациялау және денонсациялау; соғыс және бейбітшілік мәселесіне қатысу; мемлекетаралық бірлестіктерге қатысу; ел шекарасынан тыс қарулы күштерді қолдану туралы сұрақтарды шешу танылады. Осылайша, Италия Конституциясының 78 – бабы анықтайтындай, парламент палаталары соғыс жағдайын жариялайды және үкіметке қажетті өкілеттіліктерін үлестіріп береді. Испания Конституциясы 3 – бөлім, 3 – тарауын парламенттің қатысуын және жасалу тәртібін анықтай отырып халықаралық шарттарға арнайды. 94 – бап мемлекет өз мойнына саяси және әскери сипатта міндеттерді алған халықаралық шарт немесе келісімді жасау үшін Негізгі кортестің алдын ала келісімінің міндеттілігін бекітеді.
Халықаралық шарт пен келісімге арналған Франция Конституциясының 6 – бөлімі ратификацияланған немесе мақұлданған шарттар мен келісімдер, егер сол шартты басқа тарап қолданатын болса, жарияланған сәттен бастап ұлттық заңдардың жоғарғы күшке ие болады деп анықтайды (5 – бап).
Бір қатар еуропалық конституциялар Еуропалық бірлестік пен Еуропалық одақта, және де өзге де мемлекеттермен қатынасында өз елдерінің қатысуына байланысты жағдайды реттейді (Франция, Швеция, Австрия, Ирландия және т.б.).
Мемлекеттік органдардың құрылуы парламенттің келесі өкілеттіліктерінің орындалуымен байланысты:
- парламенттік республикаларда президентті сайлауда парламенттің сайлауы немесе оның сайлауға қатысуы (Германия, Грекия және т.б.);
- үкіметтің құрылуына қатысуы (Испания, Португалия, Франция);
- сот билігінің құрылуына қатысуы. ГФР Негізгі заңының 94 – бабына сәйкес, Германияның Федералдық конституциялық сотының мүшелері парламенттің 2 палатасымен сайланады, яғни Бундестаг және Бундесратпен теңдей. АҚШ президенті Жоғарғы соттың мүшелерін Кеңес бойынша, Сенат келесімімен тағайындайды (АҚШ Конституциясының 2 – бөлімі, 11 – бабы).
Парламенттің өзге мемлекеттік билік органдарымен қатынасын орната отырып, Португалия Конституциясының 166 – бабына сай, Республика Ассамблеясы келесі құзыреттерге ие:
- президенттің қызметіне кірісуіне куәгер болу;
- президенттің мемлекет аумағында болмауына келісім беру;
- президентке қарсы айып тағу процессіне жәрдемдесу;
- Конституцияның 199 – бабына сәйкес үкімет мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау (қылмыстық іс қозғалғанда, айып тағылғанда);
- үкімет бағдарламасын бағалау;
- үкіметтің сенім резолюциясы мен кінәлауын қабылдау;
- автономды облыстық билік органдарының таратылуы туралы сұраққа жауап беру;
- пропорционалдық өкілдік системасы бойынша мемлекеттік кеңеске 5 мүше, БАҚ үшін жоғарғы басқармаға 5 мүше және парламент тағайындауға құқылы прокуратураның жоғарғы кеңесінің мүшелерін сайлау;
- Конституциялық соттың 10 сотын, әділеттілік сақтаушысын, экономикалық және әлеуметтік кеңестің төрағасын, магистратураның жоғарғы кеңесінің 7 жариясын және кейін Республика Ассамблеясына тағайындала алатын конституциялық органның кейбір мүшелерін сайлау.
Атқарушы билік және басқа да мемлекеттік жоғарғы органдарға қатысты парламенттің бақылау өкілеттілігі ерекше мағынаға ие. Мұндай өкілеттіліктер тікелей конституциялармен бекітіледі немесе конституциялық – құқықтық нормалар мазмұнынан шығады. Бақылаудың мұндай нысаны президенттік республикада, дуалисттік монархияда, парламенттік республикада және монархияда әр түрлі.
Алайда, парламент халық уәкілдігінің жоғарғы органы бола тұра, әркезде де бақылау қызметіне ие. Парламент бақылауы саяси санатта (мысалы, үкімет, министрлікке сенімсіздік білдіру) және заңдық синатта (парламент құрған тексеру комиссиясының қызметі) болуы мүмкін.
Әдетте, атқарушы биліктің және басқа да органның қызметін бақылаудың мынадай нысаны қолданылады:
- парламенттің (палатаның) пленарлы отырысында үкіметке, министрге және өзгеде мемлекеттік жоғарғы орган мен лауазымды тұлғаларға сұрақ;
- алдын – ала дайындалған сұрақтар және үкіметтің ортақ саясаты бойынша дебаттар;
- парламенттік республика және монархия, және кейбір жартылай президенттік республикаларда қолданылатын интерпелляция. Ол пленарлы отырыста қандай болмасын маңызды сұрақтың жағдайын алдын ала ескереді, одан соң үкімет басшысының, министрдің түсініктемесі кетеді, талқыланады және дауыс беру арқылы шешім қабылданады;
- үкіметке сенімсіздік вотумы немесе кінәлау резолюциясын енгізу туралы сұрақ қою (дауыс беруарқылы шешіледі);
- палатаның пленарлы отырысында үкімет пен министрлердің қызметі туралы есеп беру мен баяндамалар;
- жартылай президенттік және президенттік республикаларда, сирек парламенттік республикаларда қолданылатын парламенттік тыңдаулар;
- парламенттік тексерулер;
- парламент комиссарының және парламент алдындағы басқа органдар қызметі (есеп палатасы);
- ерекше жағдайларда атқарушы билік органының әрекетіне бақылау жасау үшін парламенттің арнайы отырысыныңшақырылымы;
- мемлекет басшысына парламент (төменгі палата) кінә таққанды қоса санағанда, жоғарғы лауазымды тұлғаларға қатысты импичмент және жоғарғы сот процессінің тәртібі бойынша жоғарғы палата лауазымнан айыру туралы сұрақты шешеді. Кейбір елдерде парламент тек кінәлі құрастырып, істі арнайы сот қарайды.
Делегирленген заң шығарушылықты бақылау, яғни заң күші бар, парламент уәкілдігі бойынша шығарылған атқарушы билік.
9-тақырып. Шет елдердегі Үкімет.
