Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Док-111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
273.92 Кб
Скачать

2.Парламент құрылымы және оның конституциялық бекітілуі.

Қазіргі заманда парламент құрылымы бір палаталы және екі палаталы болады. Кейде үш палаталы парламеттер кездесіп жатады.

Екі палаталы парламент құрылымы көптеген қазіргі заманғы парламенттерге сай бикамерализм деп аталады (Ұлыбритания, Италия, Испания, АҚШ, Франция, Германия, Жапония және т. б.). Бір палаталы парламент бірнеше ғана елдерде бар (Болгария, Венгрия, Грекия, Дания, Израиль және т. б.).

Әдетте, Федеративті мемлекеттерде екі палаталы парламент бар. Сонымен қатар, жоғарғы палата деп Федерацияның құрамына кіретін субъекттер танылған (АҚШ, Германия, Бразилия, Мексика, Швейцария және т. б.). Екі палаталы парламент кейбір унитарлы мемлекеттерде де бар (Италия, Испания, Франция, Жапония және т. б.), оған қоса, жоғарғы палата әкімшілік – аумақтық бірліктен құралады.

Континенттік Еуропадағы көптеген елдерде 1 палаталы парламент бар (Болгария, Венгрия, Дания, Швеция, Финляндия және т. б.).

Американың және Азияның көптеген елдерінде екі палатылы парламент қызмет атқарады (Индия, Малайзия, Филиппина және т. б.).

Төменгі палаталар және бірінші палаталы парламенттер Ұлттық жиналыс (Франция, Вьетнам), Ұлттық кеңес (Австрия, Швейцария), Депутаттар палатасы (Италия, Бразилия, чехия), өкілдер палатасы (Бельгия, АҚШ, Жапония) деп аталады.

Жоғарғы палаталы сенат деп атайды, бірақ кейде басқа да аттарға ие болады, мысалы: Федерациялық кеңес (Австрия), Бундесрат (Германия), штаттар кеңесі (Индия).

Жоғарғы палатаның анық билігі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған қарап күшті және әлсіз жоғарғы палатаның системасын айырады.

Күшті жоғарғы палата өзінің төменгі палатамен тең құқықтығын заң шығарушылық қызметті (өкілеттілікті) орындау кезінде шамалайсіз, жоғарғыны да қосқанда, бір де бір заң қабылдана алмайды (Италия, АҚШ). Әлсіз жоғарғы палатаның системасының төменгі палатадан артықшылығы заң шығарушылық процессте сипатталады, яғни заңның мәтініне сәйкес қарсылықтар туындаған сәтте шешуші сөз жоғарғы палатаның қарсылығын жеңе алатын төменгі палатаға беріледі (ГФР, Ұлыбритания, Испания).

3.Парламенттің және оның палаталарының құрылуы.

Әдетте, төменгі палата тікелей жалпы сайлауда сайланады. Олардың өкілеттілігінің мерзімі екі жылдан жеті жылға дейін. Осылайша АҚШ-тың Өкілдер палатасы екі жылға сайланады, ГФР-дің Бундестағы және Жапонияның өкілдер палатасы – 4 жылға, Францияның Ұлттық жиналысы – 5 жылға, Ирландияның өкілдер палатасы – 7 жылға.

Жоғарғы палата әр елде әр түрлі жолмен құрылады. Сонымен қатар жоғарғы палатаның өкілеттілігінің мерзімі көп елдерде төменгі палатадан көп болады. Мысалы, АҚШ сенаты 6 жылдық мерзімге сайланады, ал Франция Сенаты – 9 жылға. Жоғарғы палатаның құрылуы тікелей де, жанама да сайлау арқылы орындалуы мүмкін. Тікелей сайлау арқылы АҚШ, Италия, Швейцария, Жапонияның жоғарғы палаталары сайланады. Жоғарғы палатаның құрамының жаңаруы толықтай, әлде бөліктерге бөлініп орындалады. Мысалы, АҚШ сенатының үштен бір бөлігі екі жыл сайын жаңарып отырады. Жанама сайлау арқылы Франция сенаты сайланады, бұл Республиканың аумақтық ұжымның өкілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Франция Конституциясының 24-бабы).

Кейбір елдерде сайлау мен тағайындаудың элеметтері бар аралас системалар қолданылады (Бельгия, Ирландия).

Жоғары палатаның құрылуының басқа да әдістері қолданылады. Осындай жолмен, ГФР-де Бундесрат жер үкіметі тағайындаған және өздері таңдаған өкілдерінен тұрады. Швейцария кантондар кеңесінің құрамының бір кантонын тұрғандар таңдаса, басқасын – кантондар парламенті.

Шетелдердің бірқатар Конституциясы паламенттің төменгі палатасының таратылуын алдын ала қарастырады (Италия, ГФР, Франция және т. б.). Венгрияның Конституциясы бойынша мемлекеттік жиналыстың өкілеттік мерзімі біткенге дейін өзін-өзі тарату мүмкіндігі қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]