Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус 5В012000 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.02.2020
Размер:
325.12 Кб
Скачать

Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2012

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)

10 бет 11 ден

Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан

Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева

БЕКІТЕМІН

МжК факультет деканы

___________М.В.Дудкин

___________________2012 ж.

МАТЕРИАЛТАНУ

Силлабус

МАТЕРИАЛОВЕДЕНИЕ

Силлабус

Мамандық: 5В12000- «Кәсіптік білім беру»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 4

Кредит саны: 2

Сағат саны: 90

Дәрістер 15

Зертханалық сабақтар: 15

СОӨЖ: 15

СӨЖ: 45

Емтихан: 4 семестр

Өскемен

Усть-Каменогорск

2012

Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалып 5В012000- «Кәсіптік білім беру» мамандығындағы студенттерге арналған.

Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы кафедрасы отырысында талқыланды

Кафедра меңгерушісі Қ.Қ. Қомбаев

№____ хаттама ____________________ж.

Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

Төрағасы А.В.Вавилов

№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады

доцент Н.Қ.Түленденова

Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ

«Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасы (Г1-429), МжК факультеті.

Пән жүргізетін оқытушы: Н.Қ.Түленденова, доцент.

Жұмыс телефоны: 541476

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1 Пәнге сипаттама, оның оқу жүйесіндегі орны

1.1 Оқылатын пәнге сипаттама

«Материалтану» курсы машина жасау саласында қолданылатын металдар мен металл қорытпаларынан және металл емес материалдардан (пластмасса, резеңке, шыны, ж.б.) жалпы техникалық пәндермен бірге студенттерге қажетті жалпы жоғары білімдік даярлықты береді, өндірістегі, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарындағы жұмыстарға қажетті біліммен қамтамасыз етеді.

Металдардың және қорытпалардың құрылымы, құрамы және қасиеттері арасындағы байланысты қарастырады, термиялық, механикалық, химиялық әсерлердің салдарынан осы байланыстардың өзгеруі талданып көрсетіледі. Құрылымдық материалдарды мемлекеттік стандарттар бойынша таңбалау принциптері қаралады. Термиялық өңдеу түрлерімен, теориясымен таныстырып, тәжірибе жүзінде қолдана білу процестерін және т.б. процестерді зерттейтін кешенді пән.

1.2 Пәнді оқудағы мақсат

«Материалтану» пәнін оқудың мақсаты материалдардың құрылысы және қасиеті арасындағы байланысты білу. Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін экономика, эргономика, пайдалану талаптарына сай тиімді өзгерту үшін механикалық, химиялық, термиялық өңдеу теорияларын игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену.

1.3 Пәнді меңгеру барысындағы нәтижелер

Білімі:

Оқушылар білуі міндетті:

- қазіргі заманғы құрылымдық материалдарға қойылатын талаптармен танысу, оларды дамыту жолдарын күнделікті қадағалау

- металдар мен қорытпалардың атомдық-кристалдық құрылысының негізі;

- металдар мен қорытпалардың құрылымын, қасиетін зерттеу тәсілдері;

- қара және түсті металдарды өндіру технологиясының негіздері;

-өндірісте кеңінен пайдаланатын шойынды, болатты, негізгі түсті металдар мен олардың қорытпаларын кластарға бөлу, маркалау принциптері;

- металдарды термиялық өңдеу технологиясы;

- техника саласында қолданатын металл негізді қорытпаларды технологиялық өңдеу тәсілдері.

Дағдысы:

Дағдысы:

- металдар мен қорытпалардың құрылымын талдауға арналған аспаптардың жұмыс істеу принциптерін білу;

- металдар мен қорытпалардың механикалық, технологиялық қасиеттерін анықтайтын жабдықтардың жұмыс принциптерін білу, сынақ жүргізу;

- металдар мен қорытпаларға қарапайым термиялық өңдеу түрлерін таңдап, режімдерін тағайындай білу;

- көміртекті және легірленген болаттарды, түсті металдар негізді конструкциялық қорытпаларды таңбалау принциптерін жетік білу;

- металл мен қорытпаларды құю өндірісінің жетістіктерін, пісіріп өңдеу түрлерін, әртүрлі температурада қысыммен өңдеу жолдарын, кескіш білдектердің атқаратын жұмыстарын білу.

Компетенциялары:

Шешуші компетенцияларына келесілер жатады:

- пәннің негізгі ережелерін өзі жұмыс атқаратын бағытына сәйкестеу;

-конструкциялық материалдарды тиімді пайдалануға және технологиялық қасиеттерін талдауға қабілетті;

-машина жасау саласында пайдаланатын қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті;

- қойылған талаптарға сәйкес конструкциялық материалды тиімді өңдеу жолдарын табу;

- өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби

тұрғысынан шешім таба білу.