Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 учебник ТЖМ — копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.02.2020
Размер:
373.76 Кб
Скачать

Тракторлардың негізгі бөліктері

Трактордың поршеньді іштен жану қозғалтқышы, негізінен төрт бөлікке бөлуге болатын бірқатар механизмдерден: қозғалтқыштан , күш беретін механизмдерден, жүріс бөліктерінен және жұмысшы жабдықтарынан тұрады.

Қозғалтқыш жанармайдың химиялық энергиясын цилиндрде тұтандырып алдымен оны жылу энергиясына, бұдан кейін айналшақты - шатунды механизмнің күшімен қозғалтқыштың білігі арқылы күш беретін механикалық энергияға айналдырады.

Трактордың күш берілісі қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалаққа немесе шынжыр табандардың жетекші қырықаяқтарына

( жұлдызшаларына) айналыс қозғалысын беретін механизмдер тобынан тұрады.

Трактордың жүріс бөлігі – бұл жетекші және бағыттаушы доңғалақтың

немесе шыжыр табанның(оларды басқаратын барлық механизмдерді қоса алғандағы) механизмдері мен қондырғыларының тобы.

15. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.

16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

күйенте - коромысло

күйентелі таразы - коромысловые весы

күрделі тілік - сложный разрез

күштік беріліс - силовая передача

қабатаралық ығысу - межслойный сдвиг

қабықшаның иілуі - изгиб оболочки

қабысушы жазықтық - прилегающая плоскость

қадалған жүктеме - сосредоточенная нагрузка

қалыңдық - толщина

қаңқалық сызық - скелетная линия

қарама-қарсы ағыншалар - встречные струи

қатты күй - твердое состояние

Бақылау сұрақтары

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Тырмалар жердің бетін қопсытып, ондағы...... сақтайды »

А. суды

В. құмды

С. қоспаны

Д. ылғалды

Е. ерітіндіні

2. «направлящее колесо» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А. бағыттаушы дөңгелек

В. бағыттаушы зат

С. бағыттаушы білік

Д. бағыттаушы күш

Е. бағыттаушы қондырғы

3.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше .... қалдырады

А. із

В. жер

С. қоспа

Д. ылғал

Е. қызмет

4.Тракторлар салмағына қарай нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

5. «Острый» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. өжет

В. өткір

С. өтер

Д. өңдеу

Е. өткен

6. Тырмалар не үшін қажет?

А.Тырмалар жер бетін қопсытуға қажет

В. Су айдауға қажет

С. Шаң сору үшін

Д. Су құйғыш құрал

Е. Жерді қазу құралы

7. Бірыңғай мүшені анықтаңыз. «Пішенді ұсақтап турайды, кептіреді.»

А. Бастауыш

В. Баяндауыш

С. Анықтауыш

Д. Пысықтауыш

Е. Толықтауыш

8. Төрт қырлы тістер қандай жағдайда тиімді жұмыс істейді?.

А. Жүріс бағытына бір қырымен бағытталғанда ғана

В. Жүріс бағытына екі қырымен бағытталғанда ғана

С. Жүріс бағытына үш қырымен бағытталғанда ғана

Д. Жүріс бағытына төрт қырымен бағытталғанда ғана

Е. Жүріс бағытына әр қырымен бағытталғанда ғана

9. Серіппелі тістер қандай тырмаларда қолданылады?

А. торсыз тырмаларда

В. торлы тырмаларда

С. ауыр тырмаларда

Д. жеңіл тырмаларда

Е. өте ауыр тырмаларда

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Тырмалар егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан ..... »

А. сақтайды

В. сақтамайды

С. тазартады

Д. тазартпайды

Е. тазаламайды

10-сабақ

Құрмалас сөйлемдер. Салалас құрмалас сөйлемдер. Қарсылықты, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер

Картоп отырғызатын машиналар.