Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТСП-2і.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

2.3. Тасңынның есепті параметрлері

Уақыттық, технолоғиялық және кеністіктік сипаттамалар—таскынның уақыт және кеңістік бойынша даму көрсеткіштері болып табылады.

Тасқынның уақыттық параметрлеріне мыналар жатады:

То —тұтастай тасқын бойынша жалпы жұмыс ұзақтығы;

Т1 — тасқын бригадаларының бір алымдагы барлық жұмыстардың орындалуының жалпы ұзақтығы;

Тбр - барлық алымдардағы әрбір жеке бригаданың жалпы жұмыс ұзақтығы;

t — алымдағы бригаданың жұмыс ырғағы, бригада жұмысының ұзақтығы;

tұй - бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындагы ұйымдық үзілістер;

tтехн - бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы технологиялық узілістер;

tа – тасқын ырғағы (адымы), бір алымдағы жеке немесе мамандандырылған тасқынды құрайтын және бір бригада (звено) күшімен атқарылатын барлық технологиялық және уй-ымдық жағынан бөлінбейтін операциялар мен жұмыстардың орыналу уақыты.

Технологиялық параметрлерге жататындар:

n - объект құрылысының барлық өндірістік процестерінің қанша жекелеғен процестерге бөлінетіндігін көрсететін сан, тасқьнға қатысатын бригадалар саны және бірінші сменада істейітіндер;

Р — объект, кешен ішіндегі жарыспалы таскындары саны.

Кеністіктік параметрлерге алымдардың жалпы сапы N жатады.

Тасқынның есепті формуласы төменгі болжамдарға сүйене отырып шығарылады:

а) әрбір келесі алымдағы жұмыс тасқын адымына тен аралықта басталады;

б) бір алымда бір бригада (звено) немесе бірнеше бригада бірдей ыргақта істей алады;

в) әрбір алымның көлемі алымдарда істелетін жұмыстардың барлык түрі үшін тұрақты болып қалады;

4-сурет. Тең ырғақты тасқынның сызық график циклограмма және диаграмма қаржысы

г) бір алымдағы барлық жүмыс кешені орындалғаннан кейін кеплесі алымдардағы жұмыс тасқын адымына тең аралықтан кещ 6ітпеуі тиіс.

Бұл болжамдар тасқынның ең қарапайым деген бірқалыпты ырғақты және қысқа ырғақты түрлері үшін параметрлер есебін жасауғ мұмкіндік береді

Бірқалыпты ырғақты тасқындарда барлык бригадалар жұмысының ырғагы tбр бірдей және тасқын ыррағына тең, яғни tбр,= tа

Тасқынның негізгі параметрлерін өзара байланыстырушы формуларды 4-суреттердегі графиктер көмегімен есептеп шығаруға болады.

2.4. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.

Алмаспайтын үздіксіз құрылыс тасқынын әдетте өздерінің практикалық қызметінде үй салатын комбинаттар, ал соңғы жылдар селолық құрылыс комбинаттары да пайдаланып жүр. Ол кұрылыс және өндірістік тасқындар жиынтығынан қүралады.

Құрылыс тасқыны — үймереттер құрылысын салуды қалыпты және үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, уақыт және кеңістік бойынща дамитын өндірстік процесс.

Өндірістік тасқын — бүл да уақыт және кеңістік бойынша дамитын өндірістік процесс. Ол кесілген уакыт ішінде белгіленген барлық технологиялық процестердің қатанң орындалуын және тапсырмаға сай қарқында шығарылатын өндіріс өнімдерін технологиялық бағыт бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.

Уакқыт және кеңістік бойынша тасқынның дамуын сипаттайын тәуелсіз өлшемдер мен қатынастар жүйесі алмаспайтын құрылыс таскынның параметрлері табылады.

Алмаспайтын үздіксіз тасқыннық параметрлері ортак, белгілеріне қарай төмендегідей болып белінеді:

— өндірістік процесті (құрылыс және өндірістік тасқындар параметрлерінің жүйесі пайдаланылады) үйымдық-технологиялық тұрғыдан болу;

— алмаспайтын үздіксіз тасқын құрылымындағы тасқын түрлеріне (кешенді, объектілік, мамандандырылған және жеке тасқындар параметрлерінін жүйелері болады);

— параметр түрлері: кеңістіктікті — жұмыс ауқымы, қабат, жинақтау учаскесі, технологиялык торап, алым, кесінді; технологиялық — өнім шығару көлемі, тасқын куаты, өнімнің еңбек сыйымдылығы, жеке тасқындар саны; уақыттық — циклдық модуль, тасқын адымы, тасқын қаркыны.

Өндірістік және кұрылыс тасқындарының кұрамындағы жетекші деген екі таскынның параметрлері жүйелерінің арасында өзара байланыс орнату алмастырылмайтын құрылыс таскындары әдісімен жұмыс атқаруын қамтамасыз етудін, маңызды мәселесі болып табылады.

Алмаспайтын кұрылыс тасқынының қуаты осы екі тасқынды үйлестірудің негізгі параметрі деп есептеледі. Мәселен, завод өндірісі мен кешенді тасқындар деңгейіндегі қүрылысты үйлестірудің шарты — құрамалы темірбетон шығаратын кәсіпорынның куатымен сол өнімді тұтынушы құрылыс ұйымдарының қуаты тең болуы керек. Өндірістің және құрылыс тасқындарының өзара байланысы жөніндегі бұл шарт алмаспайтын үздіксіз таскынның тиімді жүұмыс істеуінің негізгі факторы болып табылады.

Өндіріс саласының кешеңді тасқындары мен қүрылыстық өзара байланысының шарты теңсіздікпен айқындалады:

Ртб.к > Р жт.к

Мүндағы Ртб.к — қүрама темір-бетон шығару куаты; Р жт.к- жиңақтау тасқынының қуаты. Егер құрама темірбетон бұл деңгейден көп не аз шығырылатын болса, тиісінше қоймаларда өнімнің шектен тыс шоғырлануына немесе құрылыс саласында өндірістік буындардың тоқтауна әкеліп соғады.

Негізгі әдебиеттер: 4 [14-24].

Бақылау сұрақтары:

1.Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясын вариантты жобалау.

2.Тасқынды құрылыстың жаллы принциптері.

3.Тасқынның уақыттық параметрлеріне не жатады.

4.Технологиялық параметрлерге не жатады.

5. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.

Тақырып 3. Құрылыс аланың инженерлік дайындау технологиясы.